---
title: "Блог аштым бұлдыраған жанарыммен..."
description: "Қаумалаған қалың ел, армысың-ау, бармысың!!! Көзіме жас ала отырып осы блогты өздеріңізге тан..."
author: "bombom"
published: "2010-08-25T03:32:14+00:00"
modified: "2010-08-25T03:32:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/blog-ashtym-b-ldyra-an-zhanarymmen-67846"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/blog-ashtym-b-ldyra-an-zhanarymmen-67846/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Блог аштым бұлдыраған жанарыммен...

> Қаумалаған қалың ел, армысың-ау, бармысың!!! Көзіме жас ала отырып осы блогты өздеріңізге тан...

Қаумалаған қалың ел, армысың-ау, бармысың!!!

Көзіме жас ала отырып осы блогты өздеріңізге таныстырсам ба деймін! Бір кездегі қырдан келген қара бала (бірақ, бәрі мені "ой, сары ж...п" дейді) осыншама жасқа келіп осындай жетістікке жетеді - етеккірі келген егде әйелге ұқсап еңіреп отырып моншақ-моншақ ойын төгілдіріп жазады дегенге мен үйден шығып бара жатқанда отын бұтап жатқан шешем мен кір жуып жатқан әкем сеніп пе!!!

Енді міне орталық қалада омалып, ойға түсіп, орыстілді блогплатформада оттааааааааап отырмын.

Общым, оқырман, осы блогты бұдан әрі оқимын десеңіз де, оқымаймын десеңіз де өзің білесің.

Ал жалғастырып жаза алмасам маған серт. Жазғанымды оқып, каметарий жазбасаң саған серт.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/blog-ashtym-b-ldyra-an-zhanarymmen-67846](https://yvision.kz/kk/post/blog-ashtym-b-ldyra-an-zhanarymmen-67846)