---
title: "Близнецы фильмі туралы"
description: "Соңғы жылдары америкалық кинорежисcерлер, қазақстандық режиссерлер болсын қорқынышты ағылшынша айтқа..."
author: "lonelygirl"
published: "2018-12-21T05:25:39+00:00"
modified: "2018-12-21T08:51:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bliznecy-filmi-turaly-822229"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bliznecy-filmi-turaly-822229/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Близнецы фильмі туралы

> Соңғы жылдары америкалық кинорежисcерлер, қазақстандық режиссерлер болсын қорқынышты ағылшынша айтқа...

Соңғы жылдары америкалық кинорежисcерлер, қазақстандық режиссерлер болсын қорқынышты ағылшынша айтқанда (horor) жанрында кино түсіріп жатыр. Комедиялық кинолардан гөрі қорқыныш, үрей тудыратын нәрсені көру халыққа ұнайды ма деген ой келеді.

Әр апта сайын қорқынышты фильмдерге билеттер тез сатылып кетеді. Соған қарағанда өзінің жүйке жүйесін әлсіздікке тексерейін деген жастар мен қатар егде тартқан әжелеріміз көп екен. Қазақстандық режиссерлерден қорқыншты кино түсіремін деген ұмтылыс байқалғанымен, әлі де сол Жапония, Америка сынды спец-эффектілері ғажап, адамды бірден елең ете қалдыратын кинолар жоқтың қасы.

Өзім қорқынышты кинолардан қорықсам да осылардың даусын естіп, сюжеттік шиеленісін қадағалап отырғанда керемет бір әсер алып қайтамын. Барлық қорқынышты киноны мен жанры жағынан басты кейіпкерлері жағынан 2-ге бөліп қарастыра аламын. Бірі: мыстан кемпір немесе қорқынышты адам емес пері бейнесінде, құбыжық түрінде болса, екіншісі ол - адамдардың бір-біріне деген өшпенділігін көрсету: адамды қинап, азапатап өлтіру, ауру болып кейін сол адамның бәріне ызасын шығаратын психикикалық ауытқуға ұшыраған кейіпкерлер. Көбіне көп өзіме сол мистикалық түрде пайда болатын сайтан (жын шығару) сияқтысы көбірек ұнайды.

Киноға таңдалған музыка сөзсіз-ақ жүрегіңді дір еткізетін қуатты құралдың бірі. Мысалы "Близнецы" фильмінде скрипканың дыбысын режиссер өте ұтымды пайдалана білген.

Жалпы кино сюжетіне келер болсақ, мұнда өмір шындығына жанасатын жерлері де бар. Басты кейіпкердің босанған кезде бір сәбиінің шетінеп кетуі оны рухани жағынан құлазытып жібергені фильмнің негізгі идеясы.

![Близнецы фильмі туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/296250/db27465f29fc3c4e3140c0067891a2.jpg)

Кино барысында шынымен бұл кейіпкер ақылынан адасты ма, әлде ол шынымен солардың үйінде жын бар ма деген сауал туындайды.

Кинода өте сәтті қолданған бейнебақылау камераларының түнде қосылуы, жас нәрестені сол арқылы бақылап, ар жағынан бір елестің пайда болуы кез келген көрерменді селк еткізе алатыны анық. Бір қарағанда бұл да біз көріп жүрген америкалық фильмдердегі бір тәсіл деп айтуға болады.

Жалпы айтқанда егер 10 балдық шәкілмен бағалар болсақ, актерлердің ойнау шеберлігі, музыканы дұрыс таңдай білу критерийлерімен мен бұл фильмге 10 нан 7 балл қояр едім.

Жақында "Оман" деген ужастик шығады. Соған да барып қайтсам ба деген ойым бар...

Егер осы сияқты фильмдерге пікір жазсын десеңіздер лүпілдеріңізді аямаңыздар!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bliznecy-filmi-turaly-822229](https://yvision.kz/kk/post/bliznecy-filmi-turaly-822229)