---
title: "Блаттер Роналдуды құттықтады"
description: "Халықаралық футбол федерациясының президенті (ФИФА) Йозеф Блаттер португалдық футболшы Криштиану Ро..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-11-21T06:20:55+00:00"
modified: "2013-11-21T06:21:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/blatter-ronaldudy-tty-tady-385959"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/blatter-ronaldudy-tty-tady-385959/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Блаттер Роналдуды құттықтады

> Халықаралық футбол федерациясының президенті (ФИФА) Йозеф Блаттер португалдық футболшы Криштиану Ро...

[!\[Йозеп Блаттер\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/11/photo-2-300x166.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/11/photo-2.jpg)

Халықаралық футбол федерациясының президенті (ФИФА) Йозеф Блаттер португалдық футболшы Криштиану Роналдуды кеше көрсеткен тамаша ойынымен және Әлем чемпионатына барар жолдамамен құттықтады.

«Португалияны құттықтаймын! Олар 29-шы команда болып Әлем чемпионатына жолдама алды. Криштиану өте керемет ойын өрнегін көрсете білді және командасын Әлем чемпионатына алып шыға алды», – деді Блаттер туиттердегі парақшасында.

Естеріңізге сала кететін болсақ, кеше Португалия ұлттық құрамасы қос кездесу қорытындысы бойынша Швецияны 4:2 есебімен тізе бүктіріп, Бразилияға жолдама алған болатын. Ал [Роналду мен Блаттер арасындағы кикілжіңнен](http://massaget.kz/sport/zhanalyktar/14380) кейін, португалдық футболшының өкпесі әлі тарқай қойған жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Роналду «Алтын доптың» салтанатты марапаттау рәсіміне қатысуға құлықты емес көрінеді. Дегенмен «Реал» сұрмергені аталған атаққа басты үміткерлердің санатында.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/blatter-ronaldudy-tty-tady-385959](https://yvision.kz/kk/post/blatter-ronaldudy-tty-tady-385959)