---
title: "Бизнес жүргізудің xалықаралық тәжірибесі"
description: "Осындай тақырыпта Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен Қазақстан жастарының конгресі ұйымда..."
author: "baglan_sagynbay"
published: "2016-09-20T04:56:59+00:00"
modified: "2016-09-20T04:56:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/biznes-zh-rgizudi-xaly-araly-t-zhiribesi-712576"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/biznes-zh-rgizudi-xaly-araly-t-zhiribesi-712576/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бизнес жүргізудің xалықаралық тәжірибесі

> Осындай тақырыпта Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен Қазақстан жастарының конгресі ұйымда...

![Бизнес жүргізудің xалықаралық тәжірибесі](https://storage.yvision.kz/images/user/baglan_sagynbay/ZibT5XqR3w5mf7HUkOS37y997na83S.jpg)

Осындай тақырыпта Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен Қазақстан жастарының конгресі ұйымдастырған Өңіраралық бизнес-тағылымдамалар аясындағы кездесулердің бірі жас, дегенмен бизнес акуласына айналған кәсіпкер - Эрик Сагиевпен өтті. Жас кәсіпкер - "Hamstar" кофеханаларының негізін қалаушы және балалар мен ересектерге арналған Мәскеудегі атақты "Андерсон" кафелер желісінің франшизасының иесі. Осыған қоса, қазіргі таңда Эрик "Сарыарқа" Астана қаласының кәсіпкерлер Ассоциациясының басқарма кеңесінің мүшесі.

Өңіаралық жас кәсіпкерлерге арналған бизнес-тағылымдамалардың қатысушылары өздерінде туындаған «Мейрамxана бизнесінің ерекшеліктері қандай?», «Интерьер мен меню қандай болуы қажет?», «Бизнесті сәтті қылу үшін не істеу керек? Қазіргі таңда қандай қиыншылықтар кездесуі мүмкін?» сияқты сұрақтарға өз жауаптарын алды. Эрик Сагиевтің айтуы бойынша мейрамхана ісіндегі сәттілік кепілі – қанша ақша табуды ойлау емес, ал тұтынушы талаптарына жауап беру.

![Бизнес жүргізудің xалықаралық тәжірибесі](https://storage.yvision.kz/images/user/baglan_sagynbay/VI9n863j70E855XEnm2DWl3BgAv3Wc.jpg)

«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» маусым айының 27-і күні өз бастамасын алды. Бес күн ішінде жас кәсіпкерлер Астана қаласының табысты бизнесмендерімен кездесуге мүмкіндік ала отырып, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Казка» Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының» жобаларымен, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» мемлекеттік қолдауына ие болу мүмкіндіктерімен танысады. Жоба аясында қатысушылар шағын және орта бизнес кәсіпорындарында тағылымдамалардан өтіп, жұмыс барысының ерекшеліктерін үйренеді. Бұдан басқа, жоба қатысушылары кәсіби мастер-класстарға қатысып, өз ісінің дамуына қажетті кеңестер алады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/biznes-zh-rgizudi-xaly-araly-t-zhiribesi-712576](https://yvision.kz/kk/post/biznes-zh-rgizudi-xaly-araly-t-zhiribesi-712576)