---
title: "Бизнес- цех бірінші жетістігін көрсетті"
description: "Естеріңізде болса, Жастар бастамаларын дамыту орталығының жанынан бір жыл бұрын «Жас кәсіпкерлер мек..."
author: "CRMI"
published: "2016-11-02T07:32:22+00:00"
modified: "2016-11-02T07:32:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/biznes-ceh-birinshi-zhetistigin-k-rsetti-723469"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/biznes-ceh-birinshi-zhetistigin-k-rsetti-723469/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бизнес- цех бірінші жетістігін көрсетті

> Естеріңізде болса, Жастар бастамаларын дамыту орталығының жанынан бір жыл бұрын «Жас кәсіпкерлер мек...

Естеріңізде болса, Жастар бастамаларын дамыту орталығының жанынан бір жыл бұрын «Жас кәсіпкерлер мектебі» ашылып, өз жұмысын атқарып келеді. Бүгінде бизнес-цехтің жемісін жастар көруде. "Ертіс Инвест-2016" халықаралық форумы аясында үздік Startap жобаларының аукционы өтті.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/RBGB1X4JgnUfJZWX5dZxs2nUaP6TZG.jpg)

18 жоба тәжірибелі инвесторларға таныстырылып, ұсынылды. Қорғалған жобалардың жетеуі осы «Жас кәсіпкерлер мектебі» мүшелерінің жұмысы. Жастар бастамаларын дамыту орталығы «Жас кәсіпкерлер мектебінің» үш жобасы грантқа ие болды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/QD4bwh4mOZKjyjt4qUreUb1XSos0nS.jpg)

Қайыржанова Диананың жобасы «DressRent_pvl» көйлектерді жалға беретін салонына аталған гранты қанжығасына байласа, Мамықанов Азаттың «Torrent mobile» жобасы және Аужанова Әсел мен Ұлықпан Аиданың «Тэбая» жобасы да қалыс қалмады.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/XSL3NcH75HOcsJOmr9ngl5Q8kgH257.jpg)

Аман Абайдың жобасы Startap жобаларының үздік үштігіне кірді. Абайдың жобасын кәсіпорын палатасы қаржыландыратын болады. Біз жеңімпаздарды құттықтап, биік белестерді тілейміз! Жастар бастамаларын дамыту орталығының есігі сіз үшін әркез ашық. Жас кәсіпкерлер мектебінен сіз бастамаңызға қолдау табасыз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/biznes-ceh-birinshi-zhetistigin-k-rsetti-723469](https://yvision.kz/kk/post/biznes-ceh-birinshi-zhetistigin-k-rsetti-723469)