---
title: "Біздің жігіттер!"
description: "Біздің жігіттер... Дене мен рух қуатын ұштастыра алса кез-келген спорт түрі сияқты ережесіз жек..."
author: "makala123"
published: "2015-03-12T04:58:52+00:00"
modified: "2015-03-12T04:58:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bizdi-zhigitter-481512"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bizdi-zhigitter-481512/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Біздің жігіттер!

> Біздің жігіттер... Дене мен рух қуатын ұштастыра алса кез-келген спорт түрі сияқты ережесіз жек...

Біздің жігіттер...

Дене мен рух қуатын ұштастыра алса кез-келген спорт түрі сияқты ережесіз жекпе-жек те ер мен елдің атын шығарып, мерейін үстем ете алады. Арыстан жүректі нағыз жігіттердің алапат айқасы кімде - кімді бей-жай қалдырмайтыны анық.

Жекпе-жек деп аталатын спорттың бұл түрінде қарсыластардың кез келген соққы түрін қолдануларына рұқсат етілген. Адамның күшін, шеберлігін, әдіс-айласын сынайтын бәсеке. Жекпе-жек қазіргі спорт жарыстарында межелі салмақ категориясы бойынша өткізіледі.Оған қазіргі таңда жастарымыздың көбі қызығушылық танытуда.

Бұл жекпе – жек сайысына «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалының қызметкерлері Закарьянов Олжас, Абдол Думан, Абулкасимов Раджан, Шаяхметов Мұстафа жігіттеріміз де қатысады. Төрт қызметкерімізде аралас жекпе – жек бойынша Қазақстан чемпиондары, спорт шеберлері, Халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін чемпиондары атанған. Жақын арада Атырау қаласында өткізілген сайыстан жігітеріміз жүлделі орындармен оралды. Спорттағы жетістіктерімен бөліскен бұл қызметкерлеріміз өз өмірлерін салауатты өмір салтына баулап жүр, ал жұмыста бірі білікті маман, бірі халыққа сапалы қызмет көрсетуші инспектор. Ел намысын қорғап жүргендерге жеңісті күндер тілейміз. Жарайсыңдар жігіттер!

![Біздің жігіттер!](https://storage.yvision.kz/images/user/makala123/KmA0e63vQMZ2jJxTWS81K94qtR2xRx.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bizdi-zhigitter-481512](https://yvision.kz/kk/post/bizdi-zhigitter-481512)