---
title: "Біздің тіл, президент және шетел терминдерін аудару жайында"
description: "Кеше Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында қ..."
author: "yerlan_iskakov"
published: "2018-04-13T16:55:02+00:00"
modified: "2018-04-13T16:55:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bizdi-til-prezident-zh-ne-shetel-terminderin-audaru-zhayynda-802107"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bizdi-til-prezident-zh-ne-shetel-terminderin-audaru-zhayynda-802107/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Біздің тіл, президент және шетел терминдерін аудару жайында

> Кеше Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында қ...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/365292/e7d2b2334ed7b9c25dcc8841f2402d.jpg)

Кеше Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында қазақ тіліне аударылған кітаптарды таныстыру рәсіміне қатысты.

Қазір отандық бұқаралық ақпарат құралдары Елбасының сол іс-шарада кейбір шетелдік терминдердің қазақ тіліндегі аудармасын сынға алған мына бір сөзін жиі келтіруде:

"...(Шетел тіліндегі сөздерден арылайық деп) неше түрлі аударма жасады. Кейбіреуін айтуға ұят. ..."Процент" деген халықаралық сөзді "пайыз" деп аударды. Ол тіпті түркі сөзі емес, парсыдан алынған. Мен мұнымен келіспеймін".

Мемлекет басшысына проценттің қазақ тіліндегі пайыз деген аудармасы ұнамайды екен. Соған қарамастан біздің президент сол пайыз сөзін өзі жиі қолданады.

Президенттің жақында сөйлеген сөздерінен алынған келесі мысалдарға назар аударыңыз:

"Бүгінде жоба аясында 30 мыңнан астам азаматымыз жұмыспен қамтылған, ал жобаның барлық шығынының 32 пайызынан астамы Қазақстанда өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің үлесіне тиеді" (Теңізшевройл компаниясының 25-жылдығына арналған салтанатты іс-шарада сөйлеген сөзінен, ү.ж. 4 сәуірі);

"2017 жылы сіздердің елдеріңіздің әрқайсысына жіберілген Қазақстан экспорты 35 пайызға жетті" (Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік кездесуінде сөйлеген сөзінен, ү.ж. 15 наурызы).

Ұнамаса, келіспесе, сол пайыз сөзін өзі неге қолданып жүр екен?!

Сурет Ақорда сайтынан алынды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bizdi-til-prezident-zh-ne-shetel-terminderin-audaru-zhayynda-802107](https://yvision.kz/kk/post/bizdi-til-prezident-zh-ne-shetel-terminderin-audaru-zhayynda-802107)