---
title: "«Біздің үміткер» айдарында – Губашева Азима Зиннатқызы"
description: "«Біздің үміткер» айдарында – Губашева Азима ЗиннатқызыОрал қаласындағы Мұстақым Ықсанов атындағы жал..."
author: "uralsk.nurotan.kz"
published: "2020-12-22T12:18:32+00:00"
modified: "2020-12-22T12:18:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bizdi-mitker-aydarynda-gubasheva-azima-zinnat-yzy-897448"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bizdi-mitker-aydarynda-gubasheva-azima-zinnat-yzy-897448/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Біздің үміткер» айдарында – Губашева Азима Зиннатқызы

> «Біздің үміткер» айдарында – Губашева Азима ЗиннатқызыОрал қаласындағы Мұстақым Ықсанов атындағы жал...

«Біздің үміткер» айдарында – Губашева Азима Зиннатқызы

Орал қаласындағы Мұстақым Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің директоры Азима Зиннатқызының жалпы педагогикалық өтілі – 30 жыл. Тарих және әлеуметтік-саяси пәндерінің мұғалімі, педагог-зерттеуші.

2015 жылдан бастап жаңартылған білім беру мазмұнын енгізудегі республиканың 30 пилоттық мектептері басшыларының бірі, 2021 жылдан бастап бұл мектеп «Әліппе» «АКТ» оқулықтарына апробация жұмыстарын бастамақ. Жалпы бұл мектеп – өңірдегі жаңартылған білім мазмұнын енгізудегі жетекші білім ордаларының бірі. 2018-2020 жылдары облыстағы орта арнаулы оқу орындарына жаңартылған білім мазмұнын енгізуде жетекші мектеп қызметін атқарған.

Апробация жылдарында іскер басшы 2 мыңнан астам облыс, қала білім беру ұйымдары мен педагогтеріне арналған іс-шаралар ұйымдастыруға атсалысты. Аталмыш білім ошағы қаладағы Жоғары аграрлық колледжбен , М.Мәметова атындағы №27 мектеп-лицеймен әріптестік бағытта жұмыстар жүргізеді. 2018 жылдан бері А.Губашева – облыс, қала мектептері басшыларына арналған облыстық «Кәсіби басшы» мектебінің жетекшісі.

Қоғамдық жұмыстарды да белсене атқаратын Азима Зиннатқызы –«Ізгілік сәулесі» еріктілер ұйымының мүшесі. Пандемия кезінде мектептің аз қамтылған, көпбалалы отбасыларына азық-түлік пен шаруашылық заттарын жеткізуді ұйымдастыру бағытында жұмыстанған. 2016 жылы облыс оқушылары мен педагогтеріне танымдық экскурсия жүргізетін М.Ықсанов атындағы мұражайдың ашылуына ықпал еткен.

«Өзгенің бақытын аялап, өзінің уақытын аямайтын» ұстаздың еңбегі ескерусіз қалмай, «Ыбырай Алтынсарин», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның 10 жылдық мерейтойлық төсбелгілерімен, Мұстақым Ықсанов атындағы медальмен марапатталған.

Азима Зиннатқызы – көпбалалы отбасындағы үшінші перзент. Ата-анасы 11 бала тәрбиелеп өсірген. Ал бүгінде өзінің отбасында 1 қызы, екі немересі бар.

В рубрике «Наш кандидат» - Губашева Азима Зиннатовна.

Азима Зиннатовна - третий ребенок в многодетной семье, в которой родители вырастили 11 детей.

Общий педагогический стаж А.Губашевой 30 лет. На сегодняшний день она является директором общеобразовательной школы им. М.Ихсанова в Уральске, которая является одной из 30 пилотных школ страны по внедрению обновленного образовательного контента с 2015 года, а с 2021 года эта школа начнет тестирование учебников «Әліппе» и «АКТ». В целом эта школа является одной из ведущих учебных заведений Западно-Казахстанской области по внедрению обновленного образовательного контента. Она также способствовала открытию музея имени М. Ихсанова, который проводит образовательные экскурсии для студентов и преподавателей области. С 2018 года А.Губашева она также является руководителем областной школы «Профессиональный лидер» для руководителей учебных заведений ЗКО и Уральска.

Азима Зиннатовна, которая также активно занимается социальной работой, является членом волонтерской организации «Ізгілік сәулесі». Во время пандемии под её чутким руководством школа работала по организации доставки продуктов питания и предметов домашнего обихода многодетным малообеспеченным

Нельзя не отметить работу А.Губашева, как педагога, ведь она является учителем истории и общественно-политических дисциплин и всегда заботится о других и не жалеет себя и свое время. За свой самоотверженный труд Азима Зиннатовна награждена многочисленными государственными наградами.

Она воспитала дочь и двоих внуков.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bizdi-mitker-aydarynda-gubasheva-azima-zinnat-yzy-897448](https://yvision.kz/kk/post/bizdi-mitker-aydarynda-gubasheva-azima-zinnat-yzy-897448)