---
title: "«Біздің үміткер» айдарында – Бахишева Светлана Меңдіғалиқызы"
description: "«Біздің үміткер» айдарында – Бахишева Светлана Меңдіғалиқызы. Ол Тасқала ауданында дүниеге келген. Б..."
author: "uralsk.nurotan.kz"
published: "2020-12-29T05:50:27+00:00"
modified: "2020-12-29T05:50:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bizdi-mitker-aydarynda-bahisheva-svetlana-me-di-ali-yzy-904361"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bizdi-mitker-aydarynda-bahisheva-svetlana-me-di-ali-yzy-904361/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Біздің үміткер» айдарында – Бахишева Светлана Меңдіғалиқызы

> «Біздің үміткер» айдарында – Бахишева Светлана Меңдіғалиқызы. Ол Тасқала ауданында дүниеге келген. Б...

«Біздің үміткер» айдарында – Бахишева Светлана Меңдіғалиқызы. Ол Тасқала ауданында дүниеге келген. Бұрынғы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын үздік бітіріп, Мәскеу әлеуметтік және экономи«Біздің үміткер» айдарында – Бахишева Светлана Меңдіғалиқызы Ол Тасқала ауданында дүниеге келген. Бұрынғы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын үздік бітіріп, Мәскеу әлеуметтік және экономикалық жоғары мектебі магистратурасында оқуын жалғастырып, «Білім саласының менеджмент магистрі» дәрежесін алған. Еңбек жолын Тасқала ауданындағы Мереке ауылдық мектебінде мұғалім болып бастаған. Еліміз тәуелсіздік алған кезден бастап Светлана Меңдіғалиқызы Орал қаласында алғашқы қазақ мектептерін ашу жұмыстарының басы-қасында болғанын өз естеліктерінде де айтып жүр. Осы ретте №27 және М.Ықсанов атындағы №36 мектептердің, №42 «Ақ ниет» мектеп-гимназиясының алғашқы директоры болған. Кейін Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру институтының проректоры, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да оқу ісі жөніндегі проректор, ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің БҚО білім саласындағы бақылау департаменті директоры, министрлікте жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру мен халықаралық қатынастар департаменті директорының орынбасары болып жұмыс жасаған. Қазіргі таңда Ж.Досмұхамедов атындағы Орал жоғары педагогикалық колледжінің директоры.С.Бахишева педагогика ғылымдарының докторы, ғылыми-әдістемелік еңбектер, оқулықтар мен оқу құралдарын шығарған. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері. Білім саласында қол жеткізген табыстары үшін «ҚР Білім беру ісінің үздігі» белгісімен, «ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы», «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» медальдарымен, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгімен марапатталған.Бахишева Светлана Мендыгалиевна родилась в Таскалинском районе Западно-Казахстанской области. Закончила с отличием Уральский пединститут имени А.С.Пушкина, магистратуру Московской высшей школы социальных и экономических наук по специальности «Магистр менеджмента в сфере образования». Трудовую деятельность начала учителем сельской школы Таскалинского района. Стояла у истоков открытия школ с казахском языком обучения в г.Уральске, была первым директором городских школ №27, №36 им.М.Иксанова, школы- гимназии №42 «Ақ ниет». Работала проректором областного института повышения квалификации педагогических кадров, проректором ЗКГУ им.М.Утемисова. Работала директором департамента по контролю в сфере образования ЗКО Комитета по контролю в сфере образования и науки МОН РК, заместителем директора департамента Высшего, послевузовского образования и международного сотрудничества в МОН РК. В настоящее время работает директором высшего педагогического колледжа имени Ж.Досмухамедова. Светлана Мендыгалиевна является обладателем Государственного гранта Министерства образования и науки РК «Лучший преподаватель вуза». Доктор педагогических наук, автор учебников и учебных пособий и научных трудов. За заслуги в системе образования награждена Почетным Знаком Министерства образования и науки «Отличник образования РК», Юбилейными медалями «10-летие Независимости Казахстана», «25-летие Независимости Казахстана, нагрудным знаком им.Ы.Алтынсарина. Замужем, есть сын.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bizdi-mitker-aydarynda-bahisheva-svetlana-me-di-ali-yzy-904361](https://yvision.kz/kk/post/bizdi-mitker-aydarynda-bahisheva-svetlana-me-di-ali-yzy-904361)