---
title: "«Біздің үміткер» айдарында Ашықова Нұргүл Әжібайқызы"
description: "«Біздің үміткер» айдарында Ашықова Нұргүл Әжібайқызы2019 жылғы “Жомарт жүрек”, “Жыл тұлғасы” марапат..."
author: "uralsk.nurotan.kz"
published: "2020-12-30T04:21:43+00:00"
modified: "2020-12-30T04:21:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bizdi-mitker-aydarynda-ashy-ova-n-rg-l-zhibay-yzy-905271"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bizdi-mitker-aydarynda-ashy-ova-n-rg-l-zhibay-yzy-905271/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Біздің үміткер» айдарында Ашықова Нұргүл Әжібайқызы

> «Біздің үміткер» айдарында Ашықова Нұргүл Әжібайқызы2019 жылғы “Жомарт жүрек”, “Жыл тұлғасы” марапат...

«Біздің үміткер» айдарында Ашықова Нұргүл Әжібайқызы

2019 жылғы “Жомарт жүрек”, “Жыл тұлғасы” марапаттарының, 2020 жылы «ҚР Президентінің «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалінің иесі. Өз ісін шағын «Ляззат» жеке кәсіпкерлігін ашудан бастаған Нұргүл Әжібайқызы бүгінде үлкен жетістіктерге жетті. Ол тапқан табысын халқымен бөлісіп отырған расымен де нағыз жомарт жүректі азаматша.

Нұргүл Әжібайқызы 1972 жылдың 1 наурызында БҚО, Қаратөбе ауданы, Саралжын ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Отбасындағы тәрбие де болашақ кәсіпкердің бүгінгідей дәрежеге жетуіне ықпал етсе керек. Әкесі Әжібай Ашықұлы «Саралжын» кеңшарында қойма меңгерушісі бола жүріп, балаларын еңбекке ерте араластырған. Осылайша ерте жастан еңбекке жақын болған Н.Ашықова өзінің алдағы өмірін сауда саласымен байланыстырғысы келген.

Елде нарық заманы орнаған тұста ол қол қусырып отырмай, базарға сауда жасауға шыққан алғашқылардың бірі болды. Сауда-саттық саласындағы алғашқы ісін Оралға киім-кешек, жеміс-жидек, көкөніс әкеліп сатудан бастаған. Ал қазіргі уақытта өзі көкөніс сақтайтын үлкен қойма салып, 25 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Көмекке мұқтаж жандарға тұрақты түрде қайырымдылық жасап, әрі кәсібін дөңгелетіп отырған табысты кәсіпкер.

Нұргүл Әжібайқызы – Ләззат есімді қыз тәрбиелеп отырған аяулы ана. Ляззат анасының үкілеген үмітін ақтап, 2014 жылы №42 «Ақниет» гимназиясын «Алтын белгімен» тәмамдап, сол жылы Лондон қаласындағы «Kingston» университетін үздік аяқтап, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік қызмет саласында еңбек етуде.

Герой рубрики "Наш кандидат" - Ашикова Нургуль Ажибаевна.

Нургуль Ажибаевна родилась 1 марта 1972 года в селе Саралжын Каратобинского района ЗКО в многодетной семье. Ее отец, Ажибай Ашикович, был начальником склада в совхозе "Саралжын" и рано привлек детей к работе. Нургуль Ашикова была одной из первых, кто открыл торговую точку на рынке. Сперва она привозила одежду из Алматы в Уральск, а затем овощи и фрукты в больших количествах. Сегодня ИП "Ляззат" имеет большое овощехранилище, в котором работают 25 человек. Н.Ашикова лауреат премий «Жомарт жүрек», «Жыл тұлғасы», имеет юбилейную медаль «25 лет Конституции Казахстана». Она, добившись больших успехов в бизнесе и чувствуя социальную ответственность, помогает своим землякам. Во время пандемии коронавирусной инфекции оказала материальную помощь малообеспеченным и многодетным семьям.

Ее дочь Ляззат оправдала ожидания своей матери, окончив гимназию "Акниет" с золотой медалью, а затем университет "Kingston" в Лондоне и сейчас работает на государственной службе в Нур-Султане.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bizdi-mitker-aydarynda-ashy-ova-n-rg-l-zhibay-yzy-905271](https://yvision.kz/kk/post/bizdi-mitker-aydarynda-ashy-ova-n-rg-l-zhibay-yzy-905271)