---
title: "Біздің өміріміздегі кездесетін жасанды интеллект мысалдары"
description: "Біз қазір \"ақылы бар\" технологиялар дәурінің бастапқы кезеңінде өмір сүрудеміз. Көптеген механизмдер..."
author: "Bakhu"
published: "2015-03-03T03:28:33+00:00"
modified: "2015-03-05T02:55:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bizdi-mirimizdegi-kezdesetin-zhasandy-intellekt-mysaldary-477326"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bizdi-mirimizdegi-kezdesetin-zhasandy-intellekt-mysaldary-477326/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Біздің өміріміздегі кездесетін жасанды интеллект мысалдары

> Біз қазір "ақылы бар" технологиялар дәурінің бастапқы кезеңінде өмір сүрудеміз. Көптеген механизмдер...

Біз қазір "ақылы бар" технологиялар дәурінің бастапқы кезеңінде өмір сүрудеміз. Көптеген механизмдер: телефон (смартфон), сағат, көліктер және тіпті сондай үйлердің проектілері талқылануда.

![Біздің өміріміздегі кездесетін жасанды интеллект мысалдары](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhu/C6VnrE3xh7EUYSnoz7NV2PxeAbox2Q.jpg)

**Хат алмасу**

Қазіргі таңда жастардың вконтакте, фэйсбук, ватсап деген сияқты хат алмасу программалардың арасында Emu деген программа бар. Ол қолданып отырған адамға ассистент ретінде көмектеседі. Яғни сұхбатқа сай информацияларды тауып, ол пайдаланушыға ұсынады.

![Біздің өміріміздегі кездесетін жасанды интеллект мысалдары](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhu/19Tn1TlWdf5ZT2FL7KzxHm857vqByY.jpg)

**Facebook компаниясы** адам беттерін анықтай алатын жасанды интеллект жүйесінде жұмыс істейтін программаны ойлап тапты. Жақын арада адамдар өздерінің фотоларын жүктеген кезде, осы программа кімді осы жерде белгілеуге болатынын өзі табады.

![Біздің өміріміздегі кездесетін жасанды интеллект мысалдары](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhu/F1OgqasE17pnW04U00vRRbeX78f7wQ.jpg)

**Google Translate -** классикалық жүйе. Оның қасиеттерінің бірі: дауысты тану. Адам егер сөздің қалай жазылатының білмесе, ол оны микрофонға айта алады. Осы кезде google.translate ол сөзді тауып аударып береді.

![Біздің өміріміздегі кездесетін жасанды интеллект мысалдары](http://storage.yvision.kz/images/user/bakhu/MzpUJl7luIMx9Ng40240bIl338Z0t2.png)

**«Аймедика»** - әлемдегі екінші Ресейлік медициналық жасанды интеллект.

22 миллион клиникалық практикалардың қорытындылары мен медициналық мақалаларды қамтитын базаға сүйеніп, логикалық алгоритм арқылы науқастың ауруын анықтайды. Сонымен қатар, осы жүйе пациентті тексеру мен емдеу жоспарын дәрігерге ұсынады.** **

Қазіргі таңда сарапшылар **«Аймедиканың»** нұсқаларын терапевт дәрігерлерге, психиатрларға, жұқпалы ауру және жедел жәрдем дәрігерлері үшін жасауда.

![Біздің өміріміздегі кездесетін жасанды интеллект мысалдары](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhu/hzU95P4tMJ4iUPdoQ4Lx6SZlj5c7Jn.jpg)

***Ал енді осы технологиялық құралдар жасанды интеллекттің бастапқы кезеңінде ойлап табылса, келешекте қандай технологиялық секірістер бізді күтуде?***

*** ***

**

![Біздің өміріміздегі кездесетін жасанды интеллект мысалдары](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhu/aumWf4B5FSPBZa1XgNT6ja79p07Iov.jpg)

**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bizdi-mirimizdegi-kezdesetin-zhasandy-intellekt-mysaldary-477326](https://yvision.kz/kk/post/bizdi-mirimizdegi-kezdesetin-zhasandy-intellekt-mysaldary-477326)