---
title: "Біздің күшіміз-бірлікте!"
description: "бейбіт заман мен тыныштықты тілеп, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бүгінгі күнгі шеші..."
author: "aksualmaty2020"
published: "2022-01-14T09:29:30+00:00"
modified: "2022-01-14T09:32:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bizdi-k-shimiz-birlikte-959130"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bizdi-k-shimiz-birlikte-959130/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Біздің күшіміз-бірлікте!

> бейбіт заман мен тыныштықты тілеп, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бүгінгі күнгі шеші...

бейбіт заман мен тыныштықты тілеп, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бүгінгі күнгі шешімдерін асыға күттік.

Болашаққа деген сенімімімізді сейілтпей, жағымды жаңалықтар тостық. Осындай қиын кезеңде, сын сағатта Президентіміз нақты, батыл, дұрыс шешімдер қабылдады. Мемлекетімізде болған заң бұзушылықтардың қайталануына жол бермеу үшін барлық маңызды

шараларды қысқа мерзімде жүзеге асыру керектігін баса айтты.

Қоғам болып арандатушылыққа ермей, бірлігімізді көрсететін кез келді, сын сағаты туды. Қастерлі тәуелсіздігімізді сақтау және қорғау -баршамыздың қасиетті борышымыз. Осындай кезеңде Президентімізге қолдау көрсетіп, сын сағатта сабырлылық танытайық. Еліміздегі жаппай тәртіпсіздік пен лаңкестік кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында қаза тапқан азаматтардың отбасыларына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамын. Қаза болған азаматтардың есімдері жадымызда сақталып, еліміздің есінде мәңгі қалады.

Осы қиын жағдайда біздің Ақсу ауданының азаматтары аудан аумағына қойылған блокпосттарда кезекшілік ұйымдастырып, тұрғындар түсіністікпен қарап, қолдау білдіруде. Бұл ауызбіршілік пен ынтымақтастықты, береке- бірлікті танытады. Қабылданған шешімдерді Қазақстан атты туған Отанымның азаматшасы, "Nur Otan" партиясы Ақсу аудандық мәслихат депутаты, Шоңай батыр бастауыш партия ұйымының төрайымы және білім беру саласының қызметкері Р.Ибраймова ретінде толық қолдаймын.

Біздің күшіміз-бірлікте! Қоғам тұтастығы –Тәуелсіздік кепілі. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Комментарии: 0

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bizdi-k-shimiz-birlikte-959130](https://yvision.kz/kk/post/bizdi-k-shimiz-birlikte-959130)