---
title: "Біздің күшіміз бірлікте!"
description: "ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-11-27T00:16:32+00:00"
modified: "2015-11-27T00:16:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bizdi-k-shimiz-birlikte-663959"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bizdi-k-shimiz-birlikte-663959/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Біздің күшіміз бірлікте!

> ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ...

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды халықтың кең ауқымды қамтылуы арқылы ұйымдастыру көзделген. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа төтеп беру тек мемлекетпен қоғамның тығыз ынтымақтастығынқалыптастырғанда ғана мүмкін болады.

Қазақстан қоғамында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен этика «Мәңгілік ел» контекстінде қалыптасу қажет. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы еліміздің идеологиялық концепциясы, Қазахстан халықының тұтастығымен келісімін біріктіруге бағытталған. Біздің қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің негізі - оны сезіну және қабылдамау ұлттық мәдениетке жат құбылыс ретінде тану болып табылады.

Осыған орай, **2015 жылдың 23 қараша** күні «Қоғамдық келісім» МКК-ның базасында этно**-**мәдени бірлестіктер төрағаларымен кездесу өткізілді. Кездесуде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі мақсаты - оның алдын алу» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс**-**қимыл жасау бөлімінің басшысы В.Масимова баяндама жасады. Баяндамада еліміздің дамуына азаматтық қоғам ұйымдарының қосатын үлесінің маңыздылығы айтылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетпен оның көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруды Ашық келісім арқылы ынтымақтастық жасауды ұсынды.

Шара соңында қатысушылардың сұрақтары тыңдалып, оларға толық жауаптар берілді.

![Біздің күшіміз бірлікте!](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/C44J8H7kJ8r3B7WH6339nDvXo9US60.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bizdi-k-shimiz-birlikte-663959](https://yvision.kz/kk/post/bizdi-k-shimiz-birlikte-663959)