---
title: "Біздің бишілер жүлделі 3 орынға ие болды."
description: "әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, журналистика факультетінің студенттерінен жиналған ..."
author: "mereika_91"
published: "2011-04-19T22:32:35+00:00"
modified: "2011-04-19T22:32:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bizdi-bishiler-zh-ldeli-3-oryn-a-ie-boldy-145346"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bizdi-bishiler-zh-ldeli-3-oryn-a-ie-boldy-145346/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Біздің бишілер жүлделі 3 орынға ие болды.

> әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, журналистика факультетінің студенттерінен жиналған ...

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, журналистика факультетінің студенттерінен жиналған "Мегаполис" атты бишілер тобы "Студенттік көктем-2011" байқауынан жүлделі 3 орынға қол жеткізді. Оларды қуаныштарымен шын жүректен құттықтаймыз. Оның ішінде айта кету керек - Оразбай Дана, Чалгынбаева Арайлым, Кеңесбаева Айдан, Смағұлова Маржан және Ыдырыс Айкүміс деген аруларымыз өте жақсы өнер көрсете білді. Әрдайым осындай биік белестерден көріне берулеріңе тілектеспін. Енді барлығыңызды алда жұма күні яғни 22 сәуір күні біздің бишілердің қатысуымен өтетін гала концертке шақырамыз. Келіңіздер! Көріңіздер! Біздің бишілердің керемет биін тамашалауға асығыңыздар! ( әсіресе 105-топтың студенттері)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bizdi-bishiler-zh-ldeli-3-oryn-a-ie-boldy-145346](https://yvision.kz/kk/post/bizdi-bishiler-zh-ldeli-3-oryn-a-ie-boldy-145346)