---
title: "Біздің басты мақсатымыз – Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуы"
description: "Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде «5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» –..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-04-22T04:37:22+00:00"
modified: "2016-04-22T04:37:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bizdi-basty-ma-satymyz-aza-stanny-lemdegi-damy-an-30-eldi-ataryna-osyluy-690267"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bizdi-basty-ma-satymyz-aza-stanny-lemdegi-damy-an-30-eldi-ataryna-osyluy-690267/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Біздің басты мақсатымыз – Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуы

> Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде «5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» –...

![Біздің басты мақсатымыз – Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуы](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/mf152fMDL3h1RezuX38uiymVeBLgoC.jpg)

Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде «5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындау аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) «Мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында «Бірінші институционалдық реформаны жүзеге асыру барысы туралы. Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Департамент басшысы – Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Қ. Жапақов дөңгелек үстел басына жиналғандардың назарын Ұлт жоспарының басты мақсатына аударды. «Елімізде Ұлт жоспары, 100 нақты қадам қарқындап жүзеге асырылып жатқаны баршамызға белгілі. Бүгін біз мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған бірінші институционалдық реформаның жүзеге асырылуын талқылау үшін жиналып отырмыз. Біздің жұмысымыз Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуына бағытталған».

Елбасы Бағдарламаны Ақордада, 2015 жылдың 5 мамырында, Үкіметтің кеңейтілген отырысында жариялағанын еске сала кетейік.

Бұл құжат – президенттік 5 реформаны жүзеге асырудың: кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, индустрияландыру және экономикалық өсімге ,біртектілік пен тұтастыққа қол жеткізудің қадамдық нұсқаулығы. 5 реформаға арналған 100 қадам. Басты мақсат – Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуы.

Іс-шара аяқталғанда Қ. Жапақов тыңдаушыларға өңірдің мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау курстарын аяқтағандарын растайтын сертификаттарды салтанатты түрде табыс етті.

Дөңгелек үстелге мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру курсының тыңдаушылары қатысты (ауылдық округтердің әкімдері, басшылық лауазымға алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілер), барлығы – 52 адам.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bizdi-basty-ma-satymyz-aza-stanny-lemdegi-damy-an-30-eldi-ataryna-osyluy-690267](https://yvision.kz/kk/post/bizdi-basty-ma-satymyz-aza-stanny-lemdegi-damy-an-30-eldi-ataryna-osyluy-690267)