---
title: "Біздің балет Лондонда"
description: "«Тұманды Альбионның » өнер сүйер жұртшылығы «Шопениана» мен «Шахерезада» атты бір актілі классикал..."
author: "Begalygaz"
published: "2019-11-23T20:46:11+00:00"
modified: "2019-11-23T20:51:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bizdi-balet-londonda-844728"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bizdi-balet-londonda-844728/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Біздің балет Лондонда

> «Тұманды Альбионның » өнер сүйер жұртшылығы «Шопениана» мен «Шахерезада» атты бір актілі классикал...

![Біздің балет Лондонда](https://storage.yvision.kz/images/user/319300/ba231e3322032cec85e48ba23a51ea.jpg)

«Тұманды Альбионның » өнер сүйер жұртшылығы «Шопениана» мен «Шахерезада» атты бір актілі классикалық шығармаларды тамашалады.

Ұлыбритания сахнасында өнер көрсеткен Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және академиялық театрының жетекші солистері , басшылары БАҚ өкілдері баспасөз мәслихатын өткізді.

2 жарым мың кісіге арналған зал көрерменге лық толған. Лондон халқы ,туристерді балет бишілерінің кәсіби шеберлігін жоғары бағалапты.

![Біздің балет Лондонда](https://storage.yvision.kz/images/user/319300/5a8034327b706ce29ac1635be381cf.jpg)

Балет біздің ұлтқа жат өнер.

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет академиялық театрының жетекші солисі Рақым Дайыров балет өнерінің шоқ жұлдызындай жарқыраған талантты биші. «Би еркектің кәсібі емес» деген бишінің ағайын –туысы қазір театрдың тұрақты көрермендері , әр қойылымдағы қимылын талқылайтын сыншы-сарапшыларына айналған. Әкесінің қарсылығына қарамастан, туыстарының келемеждегенін елеместен ең күрделі өнерді таңдаған Рақым Дайыровпен әңгімелестім.

![Біздің балет Лондонда](https://storage.yvision.kz/images/user/319300/cc8eeafb914967722ce76b136137b7.jpg)

-2000 жылдары ата-анамның қолы қысқа, қалтасы жұқа еді. Тіпті олардың ай сайын оқу ақысына 2-3 мың теңге төлейтін мүмкіндігі болмады. А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде оқу тегін . Анам ұлым көше кезбейді, жақсы балалармен араласады,теріс жолға түспесін деген ниетпен мені биге берді. Сол жылдары шешем де, әкем де жұмыссыз. Үйде қаражат тапшы. Мен училищеге оқуға түстім.

- Мамандықты таңдаған кезде қарсылық білдіргендер болды ма?

- Менің ұлтым дұнған. Ағайын-туыс мамандықты таңдағанда еркектің кәсібі емес, отбасыңды қалай асырайсың деп жиі сұрайды. Мен бақыттымын. Жұмысқа мерекеге бара жатқандай асығамын. Кәсібімді жақсы көремін. Биді ұнатамын.

-Дегенмен би еркектің кәсібі емес деген көзқарас әлі бар ғой.

-Біздің училищеде әлімжеттік болды. Жасы үлкен студенттер бізді бірнеше рет кеудені жерден көтеруге мәжбүрлейтін. Бірақ зорлық-зомбылықсыз ,ешқашан жұдырықтап, қол көтерген емес. Сол кездегі буын бізді солай тәрбиеледі . Біз училищеде 8-9 жыл оқыдық. Бәрі бірін-бірі жақсы таниды. Бір әулеттің балаларындай тату және үлкендерді құрметтеуге баулиды. Егер нағыз намысты ер жігіт тәрбиелегіңіз келсе, балаңызды хореографиялық училищеге беріңіз. Балетте темірдей тәртіп бар. Жауапкершілікке үйретеді. Мінезі берік болып қалыптасады. Балет өте күрделі мамандық. Физикалық күш-қайратпен бірге төзімділік керек. Күнделікті жаттығу кезінде бір жеріңді сындырмас үшін ойыңды тастай түйіп, қимыл қозғалысыңмен үйлестіруге ұмтыласың. Жаның да,тәнің де бидің арбауында болады.

-Тамақты тарта жейсіз бе?

-22-25 жасқа дейін ағзадағы зат алмасуы үзіліссіз қызмет еткенде тамақты талғамай және бәрін жей беруге болады. Ал 27-30 жастан кейін тәбетті тартып, асты аздап жеген абзал. Себебі салмақ қосқаннан кейін проблемалар туындайды.

- Туыстарыңыз театрға келе ме?

-Әрине . Әкем балетті өте жақсы көреді. Бастапқыда таңдауыма қарсылық білдірген әкем енді зор мақтанышпен театрға жиі келеді.

Біздің буынға, тіпті ұлтқа бұл өнер жат . Мен балет өнерін таңдаған жалғыз және тұңғыш дұнғанм

![Біздің балет Лондонда](https://storage.yvision.kz/images/user/319300/478f42e636f1f2764b36d79838dde3.jpg)

ын. Қазақстанның жетекші балет солисімін. Бауырларым, ағайындарым да қойылымға келеді. Әсерлерімен бөлісіп, дастархан басында талқылайды. Егер балет өнеріне менің ешқандай қатысым болмағанда ,бәлкім олар ешқашан бұл театрдың есігін ашпайтын еді.

![Біздің балет Лондонда](https://storage.yvision.kz/images/user/319300/6037a418ad8b5929a50025e1f6607a.jpg)

Бишінің жауы жалқаулық.

Әлемнің әйгілі сахналарында өнер көрсеткен Жанель Төкеева Алматы қаласында өмірге келді. Салмағы 45 келі . Тағамды талғамайды. Тамақты тарта жемейді. Диетаға әуес емес. Дене бітімінде мін жоқ , нәзік ,сымбатты ,талантты бишімен сұхбаттастым.

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет академиялық театрының жетекші солисі Жанель Төкееваның балалық шағы театрда өтті. Қазақ балет өнерінің қара шаңырағында өсті. Бала кезде барлық бойжеткендер сияқты модель , стюардесса боламын деп армандаған. Алайда оның балетті таңдауына не түрткі болды?

![Біздің балет Лондонда](https://storage.yvision.kz/images/user/319300/14d91f767d5709af4bf732dfbef7d9.jpg)

-Менің ата-анам балет әртістері. Әкем Мұрат Төкеев Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. Анам Майра Төкеева ҚР мәдениет қайраткері. Мен де ҚР Мәдениет қайраткерімін. Бала кезде бағатын ешкім болмаған соң ,ата-анам құндақтаулы мені жұмысқа әкеледі, өздері сахнаға дайындалады. Туғаннан театр екінші үйіме айналған . Әртістер ғана емес басқа жұмысшылар да мені таниды.

- Бала кезден балет бишісі болуды армандадыңыз ба?

![Біздің балет Лондонда](https://storage.yvision.kz/images/user/319300/e9c19edf2f5b7642bb64781964c8d3.jpg)

- Егер шынымды айтсам, балетке барғым келмеген. Барлық қыздар сияқты арманым модель болу. Кейде стюардесса болып, әлемді шарлаймын деп қиялдадым. Емтихан тапсыруға екі күн қалғанда хореографиялық училищеге барамын деп, ата-анам шапқылап құжат жинап, оқуға түстім. 2006 жылдан бері теартда жұмыс істеймін. Кордебалеттен жетекші солистке дейін еңбек еттім. 13 жыл бойы 28 жетекші партияны ойнадым. Біздің театр репертуарындағы ойнамаған қойылымдарды санаған маған оңайырақ. Кармен, Борис Эйфманның Анна Каренинасын ғана ойнамадым.

-Балет бишісі болу оңай ма?

- Бұл мамандықтың қиыны – қимыл қозғалыстың денеге әсері ғаламат. Күрделі кейіпкерді ойнағанда келесі күні жаттығуға келесің. Өзіңді мәжбүрлейсің. Ал денем ағаш сияқты қатып иілмейді. Икемге келмейді. Класс тринаждың көмегімен денемді уқалап, жылытып қалпына келтіруге тырысамын. Қаласаң да, қаламасаң да жаттығуға міндеттісің. Бір жағынан әрдайым сымбатты болу менің сахнадағы өмірімді ұзартады.

- Ата-анаңыз да әйгілі балет бишілері. Отбасында қандай тамақты жеуге тыйым салынған?

-Тамақ жеме деп ешкім шектемеген. Тіпті түн жарымда тәбетім тартып тұрса, дәмнен ешқашан бас тартпаймын. Жаратылысымның ерекшелігі ешқашан артық салмақ қоспаймын. Яғни жолым болды деп айта аламын. Себебі, семіздікке бейім бишілерге тойып тамақ ішуге болмайды.

- Шетелдің әлемге әйгілі театрлары жұмысқа шақырса барасыз ба?

-Мен бұл жағынан да бағымды сынап көрдім. Орыстың ұлттық балетінің жетекшісі Сергей Радченкомен билеп, әлемнің бірнеше елінде өнер көрсеттім.

- Балет бишісі болуды армандайтын қыздарға қандай кеңес бересіз?

- Егер сен осы мамандықты шын сүйсең , егер сен 100 % өз таңдауыңа сенімді болсаң, балерина немесе балет бишісі боламын деп шешім қабылдасаң, онда ең бастысы жалқау болма. Ерінбе. Мақсатқа жетуге құлшын. Ал жалқаулық балеттің жауы.

Жазира Бегалы журналист.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bizdi-balet-londonda-844728](https://yvision.kz/kk/post/bizdi-balet-londonda-844728)