---
title: "Біздің абоненттеріміз HD форматындағы телеарналар пакеті жаңа қызметіне қол жеткізеді"
description: "2014 жылғы 1 ақпаннан бастап біз «Алакаст» ЖШС бірлесе Viasat Premium HD эксклюзивті көрсетілімдер..."
author: "YourKazakhTelecom"
published: "2014-01-29T04:30:05+00:00"
modified: "2014-01-29T04:30:24+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bizdi-abonentterimiz-hd-formatynda-y-telearnalar-paketi-zha-a-yzmetine-ol-zhetkizedi-397944"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bizdi-abonentterimiz-hd-formatynda-y-telearnalar-paketi-zha-a-yzmetine-ol-zhetkizedi-397944/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Біздің абоненттеріміз HD форматындағы телеарналар пакеті жаңа қызметіне қол жеткізеді

> 2014 жылғы 1 ақпаннан бастап біз «Алакаст» ЖШС бірлесе Viasat Premium HD эксклюзивті көрсетілімдер...

2014 жылғы 1 ақпаннан бастап біз «Алакаст» ЖШС бірлесе Viasat Premium HD эксклюзивті көрсетілімдерімен жоғары (FullHD) мүмкіндіктері бар телеарналардың жаңа пакетін іске қосамыз.

Біздің инновациялық бөлімше iD TV қызметтерінің сервистерін дамыту кезекті кезеңі үшін HD- арналары пакеттері жаңа қызметін әзірледі. Қазіргі уақытта, iD TV қызметін пайдаланушылар Viasat Nature HD/Viasat History HD және Viasat Sport HD 3 телеарналарын көрген кезде жаңа буынды теледидар сапасын тегін негізде пайдалана алады, ал 2014 жылғы 24 қаңтардан бастап біз тестілік пайдалану үшін "Viasat Premium HD» толық пакетін іске қосамыз.

![Біздің абоненттеріміз HD форматындағы телеарналар пакеті жаңа қызметіне қол жеткізеді](https://storage.yvision.kz/images/user/yourkazakhtelecom/wVnK1x7G43VHG2l9O4XEuVNzbTby08.jpg)

Viasat Premium HD пакетінің көптеген артықшылығы бар, олар: мінсіз көлемді дауыс 5.1 және Full HD жоғары сапалы суреттер, соңғы әлемдік бірінші көрсетілім фильмдерін көрсетуі және жарнаманың жоқ болуы. Жаңа пакетке келесі арналар енгізілген - TV 1000 Premium HD TV, 1000 Megahit HD, TV 1000 Comedy HD, Viasat Nature HD, Viasat History HD, Viasat Sport HD.

iD TV көрермендеріне жаңа голливуд және ресей фильмдері және мультфильмдері, соңғы блокбастерлер, ірі кинофраншиздер, үздік комедиялар және спорт туралы бағдарламалары қол жетімді болады. Сондай-ақ, жаңа пакетке HD-сападағы табиғат және жануарлар әлемі туралы танымды деректі фильмдер, тарих, қалалар және оқиғалар туралы бағдарламалар енгізілген.

Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап «iD Net» қосылған «iD TV» қызметінің пайдаланушылары, бекітілген тарифтер бойынша "Viasat Premium HD" жаңа пакетіне өз бетінше қосыла алады. Viasat Premium HD жаңа пакетінің құны бір киносеансқа екі билеттің құнына тең болып табылады. Viasat Premium HD жаңа пакеті бойынша толық ақпаратты және оны ұсыну шарттары туралы [www.id-tv.kz](http://www.id-tv.kz./). сайтынан білуге болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bizdi-abonentterimiz-hd-formatynda-y-telearnalar-paketi-zha-a-yzmetine-ol-zhetkizedi-397944](https://yvision.kz/kk/post/bizdi-abonentterimiz-hd-formatynda-y-telearnalar-paketi-zha-a-yzmetine-ol-zhetkizedi-397944)