---
title: "Біз орыс тілін білсек, олар да өзбек тілін білуі керек..."
description: "Жақында Мемлекеттік дума төрағасы Вячеслав Володин Ресейге жұмыс істеуге келетіндер орыс тілін білуі керек деп мәлімдеген еді. Вячеслав Володин мен Алишер Қодиров Енді Өзбекстан Олий Мажлисі Заң шығару палатасының вице-спикері Алишер Қодиров..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-05-16T08:14:18+00:00"
modified: "2024-05-16T08:15:40+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/biz-orys-tilin-bilsek-olar-da-zbek-tilin-bilui-kerek-alisher-odirov-1004696"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/biz-orys-tilin-bilsek-olar-da-zbek-tilin-bilui-kerek-alisher-odirov-1004696/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Біз орыс тілін білсек, олар да өзбек тілін білуі керек...

> Жақында Мемлекеттік дума төрағасы Вячеслав Володин Ресейге жұмыс істеуге келетіндер орыс тілін білуі керек деп мәлімдеген еді. Вячеслав Володин мен Алишер Қодиров Енді Өзбекстан Олий Мажлисі Заң шығару палатасының вице-спикері Алишер Қодиров...

*Жақында Мемлекеттік дума төрағасы Вячеслав Володин Ресейге жұмыс істеуге келетіндер орыс тілін білуі керек деп мәлімдеген еді.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/b987ee961bf3dc3b6baa0e565953f8.jpg) *Вячеслав Володин мен Алишер Қодиров *

Енді Өзбекстан Олий Мажлисі Заң шығару палатасының вице-спикері Алишер Қодиров Володинге жауап ретінде өз ұсынысын жеткізді. Ол өзбек тілін білмейтін адамды мемлекеттік қызметке жолатпау былай тұрсын, мемлекеттік қызметтерді пайдалана алмайтындай қылу қажеттігін айтты.

«Әрине, Ресейге жұмысқа баратындар орыс тілін білуі керек. Бірақ бұл Өзбекстанда тұратын орыстар өзбек тілін білмеуі керек деген сөз емес!

Өзбекстанда тұратын барлық ұлттың азаматтары өзбек тілін білуі қажет.

Өзге ұлт өкілдерінің балабақша мен орта білім беруде ана тіліміз бен құндылықтарымызды меңгеруіне жағдай жасаумен қатар, заңымызда өзбек тілі міндетті түрде оқытылатын тіл ретінде белгіленуге тиіс», – деп жазды Алишер Қодиров.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/d04d299d7e116f2b9f90dcfa7bbd0f.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/biz-orys-tilin-bilsek-olar-da-zbek-tilin-bilui-kerek-alisher-odirov-1004696](https://yvision.kz/kk/post/biz-orys-tilin-bilsek-olar-da-zbek-tilin-bilui-kerek-alisher-odirov-1004696)