---
title: "«Біз — миллион панфиловшылар!» эстафетасы"
description: "Дүйсенбі күні Даңқ Ескерткішінің алдыңда «Біз - миллион панфиловшылар!» ұранымен «Жеңіс туы» облысты..."
author: "CRMI"
published: "2016-04-26T06:02:13+00:00"
modified: "2016-04-26T06:02:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/biz-million-panfilovshylar-estafetasy-690807"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/biz-million-panfilovshylar-estafetasy-690807/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Біз — миллион панфиловшылар!» эстафетасы

> Дүйсенбі күні Даңқ Ескерткішінің алдыңда «Біз - миллион панфиловшылар!» ұранымен «Жеңіс туы» облысты...

Дүйсенбі күні Даңқ Ескерткішінің алдыңда «Біз - миллион панфиловшылар!» ұранымен «Жеңіс туы» облыстық әскери-патриоттық эстафетасының бастауын берген митинг өтті. Эстафета жыл сайынғы «Патриот» республикалық акциясының аясында өткізіліп, бұл жылы аты аңызға айналған Панфилов девизиясы мен Мәскеу түбіндегі шайқастың 75-жылдығына арналған.

![«Біз — миллион панфиловшылар!» эстафетасы](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/l0lUY22t2ql0SXi09Kc9nCRdOO5uXw.jpg)

Эстафета барысында мектеп әскери-патриоттық клубтарының арасында әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстар өткізілді.

Салтанатты митингте құттықтау сөзбен және ізгі ниетпен білім беру басқармасы басшысының орынбасары С.Н. Мұқанова, қорғаныс істер Департаменті бастығының орынбасары Д.А. Буксман, Павлодар қ. мен Павлодар облысы Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері және басқа да жергілікті соғыстар ОФ директоры Б.Н. Майкотов тілектерін білдірді.

![«Біз — миллион панфиловшылар!» эстафетасы](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/ZcmBbSYQk4Yd72k79uL6360b3HamLL.jpg)

Құрметті қонақтар эстафета Туын жеткізу құқығын Ақсу қ. мектеп-лицейінің әскери-патриоттық клуб белсенділеріне табыстады. Кейін эстафетаны Екібастұз қ. оқушылары қабылдайды.

![«Біз — миллион панфиловшылар!» эстафетасы](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/L86Lny6n0UUCS83IU05ekxkPG2d18k.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/biz-million-panfilovshylar-estafetasy-690807](https://yvision.kz/kk/post/biz-million-panfilovshylar-estafetasy-690807)