---
title: "Біз «Мәліметтерді өңдеудің ақпараттық-коммуникациялық орталығын» құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асырдық"
description: "Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын д..."
author: "YourKazakhTelecom"
published: "2013-10-07T01:09:11+00:00"
modified: "2013-10-09T09:49:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/biz-m-limetterdi-deudi-a-paratty-kommunikaciyaly-ortaly-yn-ru-zh-nindegi-investiciyaly-zhobany-iske--377894"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/biz-m-limetterdi-deudi-a-paratty-kommunikaciyaly-ortaly-yn-ru-zh-nindegi-investiciyaly-zhobany-iske--377894/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Біз «Мәліметтерді өңдеудің ақпараттық-коммуникациялық орталығын» құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асырдық

> Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын д...

**Мемлекет басшысы Н.Ә.** **Назарбаев****тың «****Инноваци****ялық технологи****ялар паркі»** **арнайы экономи****калық аймағын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау жолында, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы 2010-2014-жылдарға арналған ақпараттық және коммуникаци****ялық технологи****яларды дамыту жөніндегі бағдарламаны іске асыру мақсатында,** **біз жаңа Мәліметтерді өңдеудің ақпараттық-коммуникаци****ялық орталығын** **құрдық.**

![Біз «Мәліметтерді өңдеудің ақпараттық-коммуникациялық орталығын» құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асырдық](https://storage.yvision.kz/images/user/yourkazakhtelecom/y0u7Z1SYZ1czG55jrmY1h2vqR7Zc9D.jpg)

Мәліметтерді өңдеудің жаңа ақпараттық-коммуникациялық орталығы базасында бұлттық есептеулер тұжырымдамасына негізделіп құрылғанқызмет түрлері көрсетілетін болады: бұлттық серверлік платформа, мәліметтерді сақтаудың бұлттық жүйесі, мәліметтерді өңдеудің виртуалдық резервтік орталығы, бизнеске арналған бағдарламалық қамтамасыз ету, интерактивті қарым-қатынас және ақпарат алмасу жүйесі, бұлттық бейнеконференция байланысы.

![Біз «Мәліметтерді өңдеудің ақпараттық-коммуникациялық орталығын» құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асырдық](https://storage.yvision.kz/images/user/yourkazakhtelecom/qFZjPCE1DtAS4s5f0aJNxufYxQY8eQ.jpg)

«Қазақтелеком» АҚ жаңа МӨО-да энергетиканы, ауа баптау мен өрт сөндіру жүйелерін қоса алғанда, барлық сүймелдеуші жүйелерді қамту қарастырылған.

![Біз «Мәліметтерді өңдеудің ақпараттық-коммуникациялық орталығын» құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асырдық](https://storage.yvision.kz/images/user/yourkazakhtelecom/9U3UoIVPQUS634D8z9L6RHDGuv0w97.jpg)

Бұдан басқа, Мәліметтерді өңдеу орталығында SDP – сервистерді жеткізуге арналған платформа орналастырылған, ол бизнеске жаңа ИКТ –сервисті құрі және жылжыту үшін «Қазақтелекомның» барлық инфрақұрылымын қоолдануға мүмкіндік береді.

![Біз «Мәліметтерді өңдеудің ақпараттық-коммуникациялық орталығын» құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асырдық](https://storage.yvision.kz/images/user/yourkazakhtelecom/2H63TN57vT5Dy3Ij2bENccZJ7dMSkO.jpg)

(ИТП АЭА-ғы «Алатау» МӨҢ көлемі **- 810 кв. м.,** **тұрақтарының саны - 96.**)

![Біз «Мәліметтерді өңдеудің ақпараттық-коммуникациялық орталығын» құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асырдық](https://storage.yvision.kz/images/user/yourkazakhtelecom/1BxE7j51EHjoTpW93J0Nhff71bHeI2.jpg)

**«****Қаза****қтелеком»** **АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев****тің айтуына қарағанда**, жаңа Мәліметтерді өңдеудің ақпараттық-коммуникациялық орталығын (МӨО) құру Интернеттің қазақстандық сегментін, электрондық коммерцияны, электрондық қызмет түрлерін және бұлттық есептеулерді дамытудың негізгі шарты болып табылады.

«Барлық халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи ақпараттық- коммуникациялық орталық «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА аумағында орналасқан барлық компаниялар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар үшін базалық техникалық алаң бола алады», - деді Қ**. Есекеев.**

![Біз «Мәліметтерді өңдеудің ақпараттық-коммуникациялық орталығын» құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асырдық](https://storage.yvision.kz/images/user/yourkazakhtelecom/QA6kkHQz8P2199H8y19gZ11s6ZS85c.jpg)

Қазіргі кезде біздің дата – орталықтарымыздың желісі (олардың қазіргі саны - 16) бүкіл Қазақстанды қамтиды.

![Біз «Мәліметтерді өңдеудің ақпараттық-коммуникациялық орталығын» құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асырдық](https://storage.yvision.kz/images/user/yourkazakhtelecom/KhWZTAZW3qKhEHEWVYYLl3nU1vJENb.jpg)

Алғашқы, ТМД-ғы ең ірі Tier III сыныпты Мәліметтерді өңдеу орталығы 2012-жылы Павлодарда ашылған болатын.

Ал, бүгінде біздің дата-орталықтарымыздың клиенттерінің саны 10 000-дайә заңды және жеке тұлғалар. Дата-орталықтардың қызмет көрсету нарығындағы үлесі - шамамен 52% құрайды.

![Біз «Мәліметтерді өңдеудің ақпараттық-коммуникациялық орталығын» құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асырдық](https://storage.yvision.kz/images/user/yourkazakhtelecom/63NiZjF8vOj5lEmeYMbtWNG41OVm9V.jpg)

![Біз «Мәліметтерді өңдеудің ақпараттық-коммуникациялық орталығын» құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асырдық](https://storage.yvision.kz/images/user/yourkazakhtelecom/pPwoqKcKzaSS9Qfg76La4YtNGQ8ryA.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/biz-m-limetterdi-deudi-a-paratty-kommunikaciyaly-ortaly-yn-ru-zh-nindegi-investiciyaly-zhobany-iske--377894](https://yvision.kz/kk/post/biz-m-limetterdi-deudi-a-paratty-kommunikaciyaly-ortaly-yn-ru-zh-nindegi-investiciyaly-zhobany-iske--377894)