---
title: "Біз LTE технологиясы негізіндегі iDNet Wireless қызметін іске қостық"
description: "Достар, iDNet және Megaline абоненттері үшін iDNet Wireless қызметін және тіркелген-мобильді КЖҚЖ жи..."
author: "YourKazakhTelecom"
published: "2014-03-11T23:51:30+00:00"
modified: "2014-03-11T23:51:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/biz-lte-tehnologiyasy-negizindegi-idnet-wireless-yzmetin-iske-osty-404826"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/biz-lte-tehnologiyasy-negizindegi-idnet-wireless-yzmetin-iske-osty-404826/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Біз LTE технологиясы негізіндегі iDNet Wireless қызметін іске қостық

> Достар, iDNet және Megaline абоненттері үшін iDNet Wireless қызметін және тіркелген-мобильді КЖҚЖ жи...

**Д****остар****,** **iDNet** **және** **Megaline** **абонент****тері үшін** **iDNet Wireless** **қызметін және тіркелген-мобильді КЖҚЖ** **жиынтығын іске қостық****.** **Аталған сервисте LTE технологиясын қолдана отырып, біз абоненттеріміздің ұялы желідегі конвергенция деңгейін арттыруды көздедік.**

iDNet Wireless өнімі, iDNet қызметін пайдаланғысы келетін, бірақ оған қосылу мүмкіндігі жоқ абоненттерге арналып жасалған. Біз абонентке жоғары сапалық сипаттамасы бар кең жолақты Интернетке қоллжетімділік мүмкіндігін беру үшін LTE технологиямын қолданамыз. Бұл әлі iDNet қызметі аясында ұсынылатын толыққанды жылдамдығы жоғары Интернет емес, бірақ абоненттің Қазақтелекомның FTTH инфрақұрылымы әлі жүргізіле қоймаған үй шаруашылығына қызметті қосу туралы өтінімін қанағаттандыратын қызмет түрі.

![Біз LTE технологиясы негізіндегі iDNet Wireless қызметін іске қостық](https://storage.yvision.kz/images/user/yourkazakhtelecom/i8xS9f20HbD47GQod9aZu3Jb9JsRZ1.jpg)

iDNet Wireless қызметінің параметрлері: трафик көлеміне шек қойылмайды, қосылу жылдамдығы 20 Мбит/с дейін, ақысы айдың соңында төленеді. Қызмет Алматы, Астана, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Қарағанды, Шымкент, Өскемен қалаларында, сондай-ақ Алматы және Ақмола облыстарының бірқатар елді мекендерінде қолданылады. Алдағы айларда қызмет көрсету аясы кеңейе түспек.

Тіркелген-мобильді КЖҚЖ қызметі жиынтығы Megaline немесе iDNet қызметін пайдаланатын абоненттерге үйде ғана емес, LTE желісімен қамтылған барлық аумақта бізбен бірге болуға мүмкіндік береді. Жиынтықты сатып ала отырып, абонент жоғары сапалық сипаттамасы бар LTE технологиясы бойынша ұялы кеңжолақты интернетке қолжетімділікті және 2 ГБ көлеміндегі трафикті пайдаланудың қосымша мүмкіндіген ие болады. Қызметті жиынтық бойынша сатып атлған абонент оны жеке-жеке сатып алғанна гөрі қаржылық жеңілдікке қол жеткізеді. Әрі абонент жиынтық құнын «Қазақтелеком» АҚ бірыңғай есебі бойынша ай соңында төлейді. Жиынтықты Алматы, Астана, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Қарағанды, Шымкент, Өскемен қалаларында, сондай-ақ Алматы және Ақмола облыстарының бірқатар елді мекендерінде сатып алуға болады. Алдағы айларда қызмет көрсету аясы кеңейе түспек.

Сонымен қатар, біз 3 ай ішінде iDPhone қызметін «Алтел» АҚ-ның ұялы КЖҚЖ желісі арқылы қосу мен қызмет көрсетудің қосымша мүмкіндіктерін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Altel4G желісі арқылы берілетін iDPhone қызметі кепілдендірілген сапамен ұсынылады және оны «Алтел» АҚ-ның кеңселерінен сатып алуға болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/biz-lte-tehnologiyasy-negizindegi-idnet-wireless-yzmetin-iske-osty-404826](https://yvision.kz/kk/post/biz-lte-tehnologiyasy-negizindegi-idnet-wireless-yzmetin-iske-osty-404826)