---
title: "Біз корпоративтік клиенттер үшін жаңа қызметтерді іске қосамыз"
description: "«Қазақтелеком» АҚ Ақпараттық жүйелер дирекциясы «Деректерді сақтау жүйесі» және «Виртуалды дата орта..."
author: "YourKazakhTelecom"
published: "2014-04-02T04:16:12+00:00"
modified: "2014-04-02T04:16:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/biz-korporativtik-klientter-shin-zha-a-yzmetterdi-iske-osamyz-407846"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/biz-korporativtik-klientter-shin-zha-a-yzmetterdi-iske-osamyz-407846/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Біз корпоративтік клиенттер үшін жаңа қызметтерді іске қосамыз

> «Қазақтелеком» АҚ Ақпараттық жүйелер дирекциясы «Деректерді сақтау жүйесі» және «Виртуалды дата орта...

**«Қазақтелеком» АҚ Ақпараттық жүйелер дирекциясы «Деректерді сақтау жүйесі» және «Виртуалды дата орталық» виртуалды желілерін пайдаланатын корпоративтік клиенттер үшін жаңа сервистерді коммерциялық пайдалануға енгізеді.**

**«Деректерді сақтау жүйесі»** - бұл ақпараттық ресурстарды сенімді сақтауды ұйымдастыру бойынша және оларға кепілді қатынауды ұсынатын кешенді бағдарламалық- аппараттық шешім. Жүйе бизнес- үдерістердің үздіксіздігін және ақпаратты табиғи, техногендік апаттардан, қаскүнем адамдардың іс-әрекеттерінен қорғауды қамтамасыз етеді.

![Біз корпоративтік клиенттер үшін жаңа қызметтерді іске қосамыз](https://storage.yvision.kz/images/user/yourkazakhtelecom/d63rEpvIw0SyxLnoiq7vjU2nFn109J.jpg)

**«Виртуалды дата орталық» (Virtual Data Center, VDC) –** бұл компанияның корпоративтік инфрақұрылымын орналастыруға арналған толығымен оқшауланған бұлт. Виртуалды серверлердің шектелмеген санын орналастыру, олардың арасында ресурстарды тарату және олардың параметрлерін икемді ретке келтіру мүмкіндігі. Өз бейресми ресурстар бұлтын ала отырып, абонент меншікті виртуалды Деректерді өңдеу орталығының иеленушісі болады.

Толық ақпаратты [www.idhost.kz](http://www.idhost.kz/). сайтынан білуге болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/biz-korporativtik-klientter-shin-zha-a-yzmetterdi-iske-osamyz-407846](https://yvision.kz/kk/post/biz-korporativtik-klientter-shin-zha-a-yzmetterdi-iske-osamyz-407846)