---
title: "Біз кім едік? «Аудио өлең»"
description: "Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӨлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Люсьен Шамбаллани «..."
author: "Aikosmuz"
published: "2016-03-04T01:25:46+00:00"
modified: "2016-03-04T01:25:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/biz-kim-edik-audio-le-681874"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/biz-kim-edik-audio-le-681874/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Біз кім едік? «Аудио өлең»

> Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӨлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Люсьен Шамбаллани «...

**Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы** **Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы**

**Әуен авторы – Люсьен Шамбаллани «Слезы под дождем»**

**Бейнематериал авторы – Все про вселенную «Летний дождь»**

**Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы**

**Вконтакте парақшасы – http://vk.com/aikosmuz**

 
 
 
 

Дауыл болып өтетін, біз кім едік?

Ренжітетін біреуді, біз кім едік?

Менсінбейтін біреуді, біз кім едік?

Өсек айтып сөгетін, біз кім едік?

 

Соғып жатса бораны, мынау тағдырдың,

Тұра алмаса қарсы оған, кей адам.

Не табасың, жарайды оны, жазғырдың,

Әзер – әзер, басып жатса, әр қадам.

 

Өкініште, жылап жатса біреуі,

Удай ащып, жараланған жүрегі.

Болмай жатса, ешқайжақтан демеуі,

Жоқта шығар, мүмкін оның, тірегі.

 

Менсінбеймін, деп айтатын кім едік?

Біле – білсек, байлық бізге, бір күндік.

Бұның аты, қайран дүние, пендешілік,

Қодан келсе, беру керек, мүмкіндік.

 

Өсек айтып, сынайтын, біз кім едік?

Әр қылықты, өізімізден іздейік.

Дүние ала, жер шала, келер кезек,

Ұрып – жығып, өзімізге өтірік.

 

Көзді ашып – жұмғандай, өтер-кетер,

Ақ көңілге, жағылмасын, тек күйе.

Дүние қысқа, болмасын бәрі бекер,

Өкініште қалмасын, өткен дүние.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/biz-kim-edik-audio-le-681874](https://yvision.kz/kk/post/biz-kim-edik-audio-le-681874)