---
title: "«Біз адалдықты таңдаймыз!» акциясы жалғасуда!"
description: "«Біз адалдықты таңдаймыз!» акциясы жалғасуда! 2017 жылдың 28 шілдеде ҚР мемлекеттік қызмет істері жә..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-07-28T04:42:37+00:00"
modified: "2017-07-28T04:42:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/biz-adaldy-ty-ta-daymyz-akciyasy-zhal-asuda-774188"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/biz-adaldy-ty-ta-daymyz-akciyasy-zhal-asuda-774188/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Біз адалдықты таңдаймыз!» акциясы жалғасуда!

> «Біз адалдықты таңдаймыз!» акциясы жалғасуда! 2017 жылдың 28 шілдеде ҚР мемлекеттік қызмет істері жә...

**«Біз адалдықты таңдаймыз!»** акциясы жалғасуда!

**2017 жылдың 28 шілдеде** ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті **«Самал»** туристік сауықтыру кешенінде облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығымен бірлесіп лагерь демалушыларына **«Біз адалдықты таңдаймыз!»** атты акция ұйымдастырды.

Аталған акцияның басты мақсаты – жастарды адалдық жолына шақыру, патриоттыққа тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Акция барысында ресурстық орталық мамандарымен **«Кім күшті, кім әлсіз?»** атты тренинг ұйымдастырылды. Сонымен қатар, акция соңында жастар қағаз ұшақтарға өз тілектерін жазып, акция эстафетасын басқа лагерьлерге жолдады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/biz-adaldy-ty-ta-daymyz-akciyasy-zhal-asuda-774188](https://yvision.kz/kk/post/biz-adaldy-ty-ta-daymyz-akciyasy-zhal-asuda-774188)