---
title: "Биылғы Азия біріншілігінде баскетболдан Қазақстан құрамасы «D» тобына түсті"
description: "vesti.kz сайтының суреті Бүгін Манилада баскетболдан ерлер арасындағы 2013 жылғы Азия чемпионат..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-06-07T03:19:39+00:00"
modified: "2013-06-07T03:19:39+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/biyl-y-aziya-birinshiliginde-basketboldan-aza-stan-ramasy-d-tobyna-t-sti-356499"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/biyl-y-aziya-birinshiliginde-basketboldan-aza-stan-ramasy-d-tobyna-t-sti-356499/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Биылғы Азия біріншілігінде баскетболдан Қазақстан құрамасы «D» тобына түсті

> vesti.kz сайтының суреті Бүгін Манилада баскетболдан ерлер арасындағы 2013 жылғы Азия чемпионат...

[!\[Биылғы Азия біріншілігінде баскетболдан Қазақстан құрамасы «D» тобына түсті\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/06/5e366f3501be105137f018ab9cd91e9f-300x208.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/06/5e366f3501be105137f018ab9cd91e9f.jpg) vesti.kz сайтының суреті

 

Бүгін Манилада баскетболдан ерлер арасындағы 2013 жылғы Азия чемпионатының жеребесі тартылды. Қазақстан құрамасы «D» тобына түсті. Қарсыластарымыз – жеңуге болатын командалар, деп жазады [alasharena.kz](http://alasharena.kz/post/7597).

«1-11 тамыз аралығында Манилада (Филиппин) өтетін ХХVІІ Азия чемпионатының жеребесі тартылып, Қазақстан құрамасы «D» тобына түсті», деп көрсетілген жазбада.

 

Нақтырақ айтқанда, Үндістан, Бахрейн және електік сындағы Оңтүстік-шығыс аймағының жеңімпазымен бір топта сынға түсетін болды.

Жалпы, Азия чемпионатындағы төрт топ төмендегідей:

«А» тобы: Филиппин, Иордания, Тайпей, Сауд Арабиясы.

«B» тобы: Ливан, Катар, Жапония, Гонконг.

«C» тобы: Қытай, Иран, Корея және Оңтүстік-шығыс аймағында екінші орын алған құрама.

«D» тобы: Қазақстан, Үндістан, Бахрейн және Оңтүстік-шығыс аймағының жеңімпазы.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/biyl-y-aziya-birinshiliginde-basketboldan-aza-stan-ramasy-d-tobyna-t-sti-356499](https://yvision.kz/kk/post/biyl-y-aziya-birinshiliginde-basketboldan-aza-stan-ramasy-d-tobyna-t-sti-356499)