---
title: "Биыл «Семей – Қарауыл» жолының 20 шақырымы жөнделді"
description: "Аудан әкімінің айтуынша, аудандағы автожолдардың жалпы ұзындығы 402,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 70 к..."
author: "journalist_n"
published: "2025-09-11T07:10:17+00:00"
modified: "2025-09-11T07:10:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/biyl-semey-karauyl-zholynyn-20-shakyrymy-zhondeldi-1017140"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/biyl-semey-karauyl-zholynyn-20-shakyrymy-zhondeldi-1017140/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Биыл «Семей – Қарауыл» жолының 20 шақырымы жөнделді

> Аудан әкімінің айтуынша, аудандағы автожолдардың жалпы ұзындығы 402,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 70 к...

Аудан әкімінің айтуынша, аудандағы автожолдардың жалпы ұзындығы 402,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 70 км, облыстық маңызы бар жолдар – 247,6 км, аудандық маңызы бар жолдар – 85 км. ![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/dd01f77b9885bd5f11cb9f97ca473b78.jpg?width=1600&height=1066) - Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Қарауыл ауылында Әуезов көшесінің 1,5 км және Шәкәрім көшесінің 1,1 км бөлігіне орташа жөндеу жүргізіліп, жаяу жүргіншілер жолдары салынды. Бұл жұмыстарды «Дерикар» ЖШС-і толық аяқтады. Сондай-ақ Тоқтамыс ауылындағы Абай көшесінің 750 метрлік бөлігіне ағымдағы жөндеу жасалды. Өткен жылы басталған Тоқтамыс пен Архат ауылдарына апаратын жолдарды орташа жөндеу биыл да жалғасуда. Мұнымен қоса, облыстық маңызы бар «Аягөз - Қарауыл - Семей - Қайнар» бағытындағы автожолдың 15 шақырымына орташа жөндеу жүргізіліп жатыр. Ал «Семей – Қарауыл» жолының 20 шақырымы толық жөнделіп, пайдалануға берілді, – деді аудан әкімі.Сонымен қатар, әлеуметтік инфрақұрылымды нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды нысандардың құрылысы да жалғасып жатыр.- Мәселен, Көкбай, Саржал ауылында спорт модулінің құрылысы қолға алынды, нысанды 2026 жылы пайдалануға беру көзделуде. Бұған қоса, Кеңгірбай би ауылында балалар лагері салынуда, – деп қорытындылады Мейіржан Смағұлов.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/biyl-semey-karauyl-zholynyn-20-shakyrymy-zhondeldi-1017140](https://yvision.kz/kk/post/biyl-semey-karauyl-zholynyn-20-shakyrymy-zhondeldi-1017140)