---
title: "Биыл экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін 9,6 трлн..."
description: "Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың үкіметтің ресми сайтына берген сұхбатында айтуынша, қазір Қазақстан экономикасы тұрақты түрде дамып келе жатыр. Экономиканың барлық дерлік саласында өсім..."
author: "jan.123"
published: "2024-06-24T06:13:34+00:00"
modified: "2024-06-24T06:13:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/biyl-ekonomikaly-simdi-amtamasyz-etu-shin-9-6-trln-te-ge-investiciya-tartylma-1005944"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/biyl-ekonomikaly-simdi-amtamasyz-etu-shin-9-6-trln-te-ge-investiciya-tartylma-1005944/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Биыл экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін 9,6 трлн...

> Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың үкіметтің ресми сайтына берген сұхбатында айтуынша, қазір Қазақстан экономикасы тұрақты түрде дамып келе жатыр. Экономиканың барлық дерлік саласында өсім...

*Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың үкіметтің ресми сайтына берген сұхбатында айтуынша, қазір Қазақстан экономикасы тұрақты түрде дамып келе жатыр. *

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/24cec92caa7e964f79c7bd046124d9.jpg)

Экономиканың барлық дерлік саласында өсім байқалғанымен, кейбірінде өсу қарқыны төмен болып отыр. Оның себебі — елімізде орын алған су тасқынының салдарынан бірқатар өңірде сауда, көлік, құрылыс салаларының өсу деңгейі баяулады. Себебі, жолдар бұзылды, логистика қызметіне зардабы тиді. Жалпы, соның есебінен сауда-саттық баяулады, жүктерді жеткізу процесі баяулап, кейбір аймақтарда құрылыс саласы да тұрып қалды.

«Қазіргі біздің жүргізіп отырған экономикалық саясатымыздың басты мақсаты — экономикалық өсімді қамтамасыз ету, өсу қарқынын арттыру. Ол үшін Үкімет нақты іс-шаралар жоспарын әзірледі. Жоспар бойынша экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында биыл 9,6 трлн теңге инвестиция тартылады. Оның ішінде 7 трлн теңгесі бюджеттік емес көздерден тартылады, ол – жеке инвестициялар, квазимемлекеттік холдингтердің, ұлттық холдингтердің инвестициялары және шетелдік инвестициялар. Сондай-ақ отандық банктер мен қаржы ұйымдарының инвестициялары бар», — деді вице-премьер.

[https://t.me/KZgovernment](https://t.me/KZgovernment)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/biyl-ekonomikaly-simdi-amtamasyz-etu-shin-9-6-trln-te-ge-investiciya-tartylma-1005944](https://yvision.kz/kk/post/biyl-ekonomikaly-simdi-amtamasyz-etu-shin-9-6-trln-te-ge-investiciya-tartylma-1005944)