---
title: "Биыл 195 ұлытаулық жас кәсіпкерге қайтарымсыз грант қаражаты берілді"
description: "«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының рейтингісіне сәйкес, Ұлытау облысы 2025 жылы шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысуға ең қола?..."
author: "journalist_n"
published: "2025-12-17T09:52:47+00:00"
modified: "2025-12-17T09:52:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/biyl-195-ulytaulyk-zhas-kasipkerge-kaytarymsyz-grant-karazhaty-berildi-1019014"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/biyl-195-ulytaulyk-zhas-kasipkerge-kaytarymsyz-grant-karazhaty-berildi-1019014/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Биыл 195 ұлытаулық жас кәсіпкерге қайтарымсыз грант қаражаты берілді

> «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының рейтингісіне сәйкес, Ұлытау облысы 2025 жылы шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысуға ең қола?...

**«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының рейтингісіне сәйкес, Ұлытау облысы 2025 жылы шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысуға ең қолайлы өңір деп танылып, алғашқы орынға шықты.** ![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/bfc41dd962d8b436b093b4e186f3d709.jpg?width=1080&height=720) Биыл өңірде жалпы сомасы 3 миллиард теңге болатын 75 жаңа кәсіпкерлік нысаны ашылды. Одан бөлек, әлемдік және отандық брендтердің франшизалары саны өсті. Аталған бағыттағы жұмыстар облыстың әлеуметтік және экономикалық әлеуетін арттырады, бұл бастамалар кезең-кезеңімен жалғасатын болады.Айрықша атап өтерлігі – Жезқазған қаласында 25 жылдан астам қараусыз, иесіз тұрған тоқыма фабрикасының ғимараты мемлекет меншігіне қайтарылып, кәсіпкерлерге қолайлы орта жасау үшін ауқымды жұмыстар қолға алынуда. Ғимарат жаңғыртылуда. Инвестиция көлемі 1 миллиард теңгені құрайды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/biyl-195-ulytaulyk-zhas-kasipkerge-kaytarymsyz-grant-karazhaty-berildi-1019014](https://yvision.kz/kk/post/biyl-195-ulytaulyk-zhas-kasipkerge-kaytarymsyz-grant-karazhaty-berildi-1019014)