---
title: "Бишімбаев пен Байжановқа қатысты апелляциялық сот та..."
description: "Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық инстанцияға келіп түсті. Бұл туралы t.me/Jogargy_sot хабарлады. \"Судьяның осы жылғы 11 маусымдағы қаулысымен істі қарау 2024 жылғы 26 маусымға, сағат 10.00-ге белгіленді...."
author: "jan.123"
published: "2024-06-21T11:43:46+00:00"
modified: "2024-06-21T11:44:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bishimbaev-pen-bayzhanov-a-atysty-apellyaciyaly-sot-ta-tikeley-efirden-k-rsetiletin-boldy-1005905"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bishimbaev-pen-bayzhanov-a-atysty-apellyaciyaly-sot-ta-tikeley-efirden-k-rsetiletin-boldy-1005905/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бишімбаев пен Байжановқа қатысты апелляциялық сот та...

> Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық инстанцияға келіп түсті. Бұл туралы t.me/Jogargy_sot хабарлады. "Судьяның осы жылғы 11 маусымдағы қаулысымен істі қарау 2024 жылғы 26 маусымға, сағат 10.00-ге белгіленді....

*Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық инстанцияға келіп түсті.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/2ed048e77c65fc9f349571e582467e.jpg)

Бұл туралы [t.me/Jogargy_sot](https://t.me/Jogargy_sot) хабарлады.

"Судьяның осы жылғы 11 маусымдағы қаулысымен істі қарау 2024 жылғы 26 маусымға, сағат 10.00-ге белгіленді.

Жоғарғы сот қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Сот отырыстары тікелей эфирде өтеді", - деп жазылған Жоғарғы сот хабарламасында.

Естеріңізге салсақ, биыл 13 мамырда [Бишімбаев 24 жылға, Байжанов 4 жылға бас бостандықтарынан айырылған](https://yvision.kz/kk/post/bishimbaev-pen-bayzhanov-a-atysty-sot-kimi-shy-ty-1004562) еді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bishimbaev-pen-bayzhanov-a-atysty-apellyaciyaly-sot-ta-tikeley-efirden-k-rsetiletin-boldy-1005905](https://yvision.kz/kk/post/bishimbaev-pen-bayzhanov-a-atysty-apellyaciyaly-sot-ta-tikeley-efirden-k-rsetiletin-boldy-1005905)