---
title: "Бишімбаев кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді"
description: "Бүгін әйелін өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы басталды. Бишімбаев өзіне сөз берілген кезде прокурорлар таққан айыпты мойындамайтынын мәлімдеді. \"Менің ешқайда, сотқа дейінгі..."
author: "orazali"
published: "2024-03-27T13:02:37+00:00"
modified: "2024-03-27T13:02:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bishimbaev-kin-sin-moyyndamaytynyn-m-limdedi-1002718"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bishimbaev-kin-sin-moyyndamaytynyn-m-limdedi-1002718/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бишімбаев кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді

> Бүгін әйелін өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы басталды. Бишімбаев өзіне сөз берілген кезде прокурорлар таққан айыпты мойындамайтынын мәлімдеді. "Менің ешқайда, сотқа дейінгі...

*Бүгін әйелін өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы басталды. *

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/e57e65403579418d3ea26393bceed6.jpg)

Бишімбаев өзіне сөз берілген кезде прокурорлар таққан айыпты мойындамайтынын мәлімдеді.

"Менің ешқайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде де, еш жерде оқиғаның қалай болғанын айтуға мүмкіндігім болмады. Прокурорлардың қазір оқығандарының көбі жалған, расталмаған және дәлел жоқ. Сондықтан 110-бап бойынша мұндай қылмыс менің тарапымнан ешқашан жасалған жоқ, мен оны мойындамаймын. Мен толық көлемде емес, адамды ерекше қатыгездікпен қасақана өлтіру бойынша айтып отырмын. Түсіндіруге мүмкіндігім болады деп үміттенемін", - деді айыпталушы.

Айта кетейік, бұл соттағы айыпталушылар орындығында Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов та отыр. Ол қылмысты жасырып қалды, ол туралы тиісті орынға хабар бермеді деп айыпталуда.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bishimbaev-kin-sin-moyyndamaytynyn-m-limdedi-1002718](https://yvision.kz/kk/post/bishimbaev-kin-sin-moyyndamaytynyn-m-limdedi-1002718)