---
title: "Қ.Бишімбаев: ЕДБ несиелік өнімдерінің шектелуі бизнесті несиелеуді кідіртеді"
description: "ЕДБ ұсынған несиелік өнімдердің шектелуі бизнес жобаларының несиелендіру факторына тежеуіш болады: н..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2016-09-27T06:30:00+00:00"
modified: "2016-09-30T06:30:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bishimbaev-edb-nesielik-nimderini-shektelui-biznesti-nesieleudi-kidirtedi-714327"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bishimbaev-edb-nesielik-nimderini-shektelui-biznesti-nesieleudi-kidirtedi-714327/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қ.Бишімбаев: ЕДБ несиелік өнімдерінің шектелуі бизнесті несиелеуді кідіртеді

> ЕДБ ұсынған несиелік өнімдердің шектелуі бизнес жобаларының несиелендіру факторына тежеуіш болады: н...

ЕДБ ұсынған несиелік өнімдердің шектелуі бизнес жобаларының несиелендіру факторына тежеуіш болады: нарық мөлшерлемелері, несие ұысынудың ережелері, кепілдікті қамтамасыз ету талаптары екінші деңгейлі банктер арасында бірдей, деп Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.

![Қ.Бишімбаев: ЕДБ несиелік өнімдерінің шектелуі бизнесті несиелеуді кідіртеді](http://storage.yvision.kz/images/user/anuarbek_ainash/cLWUFraXEZxji3w9xOm3znXhD2VSJF.png)

«Міндетті түрде тек ірі қалаларда емес, сонымен қатар ауылдық елді мекендерде бизнес жобаларды несиелендіру бойынша екінші деңгейлік банктің жұмысын өзектендіру керек. ЕДБ ұсынған несиелік өнімдердің шектелуі бизнес жобаның несилендіру факторына тежеуіш болып табылады. Нарық мөлшерлемелері, несиені ұсыну ережелері, кепілдікті қамтамасыз ету талаптары екінші деңгейлі банктер арасында бірдей. Несиелік өнімдерді әртараптандыру үшін ешқандай ынталандырулар жоқ»,-деді ҚР ҰЭМ басшысы.

Оның айтуы бойынша, осы бағытта Ұлттық банк дұрыс саясатты ойластыруы керек.

«Жалпы, ШОБ-тың ЖІӨ-ге қосқан үлесі қазір 24,9% -ды құрайды.Аталмыш көрсеткішті ұлғайту үшін, Мемлекет басшысының бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бойынша тапсырмасына сәйкес, біз экономикалық тұрғыдан халықтың құзыретін белсенді арттыру, шағын несие жүйесін кеңейту және жетілдіру бойынша жұмыстар әзірлеудеміз»,-деді Қ.Бишімбаев.

Оның айтуынша, елімізде бизнес ахуалды жақсарту үшін Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтінгі бойынша жұмысының аясында заңнаманы реформалау бойынша жұмыс жалғасын табады.

«Барлық дереккөздердің есебіне орай, 2016 жылдың қаңтар-тамыз айларында тұрғын үйлердің пайдалануға берілуі 14 пайызға ұлғайды – 6,37 млн шаршы метрге дейін. Ағымдағы жылы жалпы соммасы 750 млрд. теңгені құрайтын 9 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделіп отыр»,-деді Қ.Бишімбаев.

Сонымен қатар, министрдің айтуы бойынша, ағымдағы жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрғын үй құрылысын ынталандыруға қосымша 360 млрд теңге бөлінді, оның ішінде жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысына 53 млрд теңге бағытталды, несиелік тұрғын үйдің құрылысына – 127 млр теңге, коммерциялық тұрғын үйдің құрылысына – 97 млрд теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жайластыруға-61 млрд теңге, ҚТҚЖБ салымшыларын несиелендіру үшін – 22 млрд теңге бағытталды.

«Оның нәтижесінде, мемлекеттік қаражат есебінен 2015 жылы және 2016 жылдың өткен кезіңінде 22,6 мың отбасыға тұрғын үй берілді және ағымдағы жылдың соңына дейін қосымша 6,8 мың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. 2017 жылы 33,0 мың пәтер салынатын болады»,-деді ҚР ҰЭМ басшысы.

«Нұрлы жол» бағдарламасы 2020 жылға қарай 4,5 млн шаршы м тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлауда.

Айта кетейік, соңғы 25 жылдың ішінде 113,2 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Осының арқасында 1 млннан астам отбасы жаңа пәтерге қол жеткізді.

Ақпарат көзі: [strategy2050.kz](https://strategy2050.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bishimbaev-edb-nesielik-nimderini-shektelui-biznesti-nesieleudi-kidirtedi-714327](https://yvision.kz/kk/post/bishimbaev-edb-nesielik-nimderini-shektelui-biznesti-nesieleudi-kidirtedi-714327)