---
title: "Бірнеше халықаралық алтын медальдардың иегері «Samal» су зауытында болған экскурсия қалай өтті?"
description: "Қайырлы кеш! Жақында көптен бері көргім келіп жүрген экскурсияға «SAMAL» су зауытына барып келдім. Э..."
author: "molya_shine"
published: "2019-06-21T09:06:00+00:00"
modified: "2019-06-21T09:06:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/birneshe-haly-araly-altyn-medaldardy-iegeri-samal-su-zauytynda-bol-an-ekskursiya-alay-tti-834774"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/birneshe-haly-araly-altyn-medaldardy-iegeri-samal-su-zauytynda-bol-an-ekskursiya-alay-tti-834774/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бірнеше халықаралық алтын медальдардың иегері «Samal» су зауытында болған экскурсия қалай өтті?

> Қайырлы кеш! Жақында көптен бері көргім келіп жүрген экскурсияға «SAMAL» су зауытына барып келдім. Э...

Қайырлы кеш! Жақында көптен бері көргім келіп жүрген экскурсияға «SAMAL» су зауытына барып келдім. Экскурсия барасында компаниямен танысудан бастап, су әзірлеу, дайын өнімді алуға дейінгі толық жұмыс процессімен таныс болдық. Cонымен қатар, халықаралық стандарттарға сәйкес қазіргі заманғы жабдықтарын өз көзіммен көріп қайттым.

![Бірнеше халықаралық алтын медальдардың иегері «Samal» су зауытында болған экскурсия қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/137732/2269348489dadc1a359e9370f19557.jpg)

![Бірнеше халықаралық алтын медальдардың иегері «Samal» су зауытында болған экскурсия қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/137732/0665b1851a4aa300b5bad500b0aa6c.jpg)

10 жыл бойы «Samal» су бренді тек Қазақтан нарығында ғана емес, одан тыс шет елдерде де мінсіз беделге ие болған екен. Айта кетсем, «World Food» және «Inter Food» қазақстандық конкурстары мен дәм татудан бірнеше рет алтын белгі иегері, Мәскеудегі «World Food» байқауында «Жылдық өнім» номинациясынан алтын белгі иегері, 2016 жылы Швецарияның Женева каласындагы "сапасы мен мінсіз кызмет" үшін Европалық гран призге ие болған. Францияда, Париж қаласында «Жоғары сапалы тауарлар мен қызметтер» номинациясында жеңімпаз атанып, «SIEN» қауымдастығының алтын медаль құрмет белгісімен марапатталып, халықаралық танымалдылықа ие болған отандық бренд. Қуанарлықтай жайт.

![Бірнеше халықаралық алтын медальдардың иегері «Samal» су зауытында болған экскурсия қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/137732/5fa570d22a29696d9163270dde3d65.jpg)

Брендпен танысу барысында компания сәуір айында ребрендинг жасап, логотипінің жаңа дизайны «визуалды жеңіл қабылданады және жарқын өмір салтын ұсынады», - деп айта кетті. Және ол күнделікті жаңа әсерлер үшін, спортқа ерекше назар аударатын, салауатты өмір салтын ұстанатын белсенді жандарға арналған деп те түсіндірді.

![Бірнеше халықаралық алтын медальдардың иегері «Samal» су зауытында болған экскурсия қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/137732/3c65f91df3c810ef0183458ac5185b.jpg)

![Бірнеше халықаралық алтын медальдардың иегері «Samal» су зауытында болған экскурсия қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/137732/88d8da5682d2fe4a08690c2a19be9a.jpg)

Спорт демекші, бұл компания осы былтыр болған футзал бойынша Әлемдік Чемпионатта спортсмендерді «Samal» ауыз суымен қамтамасыз еткен. Онымен қоса жастар арасындағы футбол сайыстарының, «KFW» сәндік кешінің, Қастеев атындағы мұражайдың көрмелерінің және т.б. көптеген әлеуметтік жобалардың демеушісі болып, қолдау көрсететіне риза болдым.

Енді судың өзіне тоқтала кетейік. Зауыттың инновациялық шешімдерін, суды өндіруге арнайы көзқарастарын, тазартылған аумақты және анық жұмыстарын ерекше атап өткім келеді. Себебі мен өндірістің және зертхананың қалай жұмыс істейтінін өз көзіммен көрдім. Зертханада көрсеткен технологтың тәжірибесінен кейін құбырдағы суды мүлдем ішуге болмайтынына көзім жетті. Экскурсияда болған әрқайсымыз оның қандай кір көбік қалдыратынын көрдік. Тіпті сіз үйде қолданатын фильтрдің су тазартатынына еш кепіл жоқ.

![Бірнеше халықаралық алтын медальдардың иегері «Samal» су зауытында болған экскурсия қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/137732/1ba338adea75632b991681c8542e44.jpg)

![Бірнеше халықаралық алтын медальдардың иегері «Samal» су зауытында болған экскурсия қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/137732/9314ad9f23aabbde8ab5ed51828e29.jpg)

Сондықтан денсаулықтыраңызды ойлап, тек осындай «Samal» таза ауыз суын қолданыңыздар! Халықты сапалы тауармен қамтамасыз етіп отырған, отандық өнімді қолдап қана қоймай, жүйелі дамуына бірге атсалысайық. Осы жерде «SAMAL» су зауытының ұжымына, басшылығына осындай пайдалы, ерекше экскурсия үшін алғыс айтқым келеді

![Бірнеше халықаралық алтын медальдардың иегері «Samal» су зауытында болған экскурсия қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/137732/7332d34f85206bfc5b9298e0eebb25.jpg)

P.S: Айтпақшы, мен әйгілі әнші Мадонна сияқты, денсаулығым үшін тек таза су ғана ішуге шешім қабылданғаныма екі аптадай болды. Сіздерді де осыған шақырамын!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/birneshe-haly-araly-altyn-medaldardy-iegeri-samal-su-zauytynda-bol-an-ekskursiya-alay-tti-834774](https://yvision.kz/kk/post/birneshe-haly-araly-altyn-medaldardy-iegeri-samal-su-zauytynda-bol-an-ekskursiya-alay-tti-834774)