---
title: "Бірнеше аймақта тағы да жолдар жабылды"
description: "Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 5..."
author: "orazali"
published: "2024-02-04T04:54:03+00:00"
modified: "2024-02-04T05:01:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/birneshe-ayma-ta-ta-y-da-zholdar-zhabyldy-1000645"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/birneshe-ayma-ta-ta-y-da-zholdar-zhabyldy-1000645/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бірнеше аймақта тағы да жолдар жабылды

> Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 5...

Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде көлік құралдарының барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

![Бірнеше аймақта тағы да жолдар жабылды](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/2d9d509f7942fbdd6f76e22aef70f1.jpg)

Бұл туралы бүгін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы әлеуметтік желіде хабарлады.

Жамбыл облысында - 1 учаске

1. «Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 шақырым, Кенен а.

- Қайнар а. (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) – 79 шақырым (тұман, шектеулі көрініс, жел)

Жетісу облысында - 1 учаске

1. «Үшарал-Достық» 84-184 шақырым, Көктұма ст.-Достық ст. – 100 шақырым. (боран, шектеулі көрініс)

Қарағанды облысыда - 1 учаске

1. «Екатеринбург-Алматы, Солтүстік-Шығыс айналма жолы» 0-16 шақырым, Пришахтинск а-Новостройка а. – 16 шақырым. (қар, боран, шектеулі көрініс)

Қостанай облысында - 1 учаске

1. «Жезқазған-Петропавл» 252-335 шақырым, Ұлытау обл.шек.

- Арқалық қ.-83 шақырым. (Ұлытау облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты)

Ұлытау облысында - 1 учаске

1. «Жезқазған-Петропавл» 137-252 шақырым, Ұлытау к.-Қостанай обл.шек. – 115 шақырым. (боран, шектеулі көрініс)

Республикалық маңызы бар автожолдарда 337 бірлік техника және 457 адам жұмылдырылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/birneshe-ayma-ta-ta-y-da-zholdar-zhabyldy-1000645](https://yvision.kz/kk/post/birneshe-ayma-ta-ta-y-da-zholdar-zhabyldy-1000645)