---
title: "Бірліктен артығы жоқ"
description: "Кез келген елдің, мемлекеттің берік тірегі ол - БІРЛІК. Бірлік бар жерде тірлік бар демейді ме, егер..."
author: "tracyb"
published: "2017-07-30T00:57:55+00:00"
modified: "2017-07-30T00:57:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/birlikten-arty-y-zho-774283"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/birlikten-arty-y-zho-774283/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бірліктен артығы жоқ

> Кез келген елдің, мемлекеттің берік тірегі ол - БІРЛІК. Бірлік бар жерде тірлік бар демейді ме, егер...

Кез келген елдің, мемлекеттің берік тірегі ол - БІРЛІК. Бірлік бар жерде тірлік бар демейді ме, егер өзімізбен өзіміз бет жыртысып, жағадан алып, айтысып, тартысып жатсақ, онда береке болмайды. Мың жерден алып империя болсаң да, бір күні құлдырайсың, құлайсың! Сондықтан мықты ел болу үшін, берік мемлекет болу үшін алдымен сол елдің ынтымағы керек.

Ынтымақ бар жерде ғана береке болады.Береке - бақыттың бастауы. Ертең ұрпаққа тәуелсіз ел, дамыған мемлекет, қуатты ұлты сыйлаймыз десек барлық Қазақстан азаматтары тату болғанымыз абзал. Сонда ғана болашағымыз жарқын, алдымыз ашық болады.

Қазіргі уақытта, бәрі бар. Бірақ, адамға, бір-бірімізге деген сүйіспеншілік пен жылулық жетіспейді. Сондықтан, өз-өзімізге құрметпен қарап, бес күн өмірде ауызбіршілікте болайық! Елге бұдан артық бақыттың керегі жоқ.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/birlikten-arty-y-zho-774283](https://yvision.kz/kk/post/birlikten-arty-y-zho-774283)