---
title: "Бірлік күнін тойлаймыз 1-і күні"
description: "Осыған орай елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1995 жылы қазанның 18-жұлдызында 1-мамыр күнін “Қа..."
author: "aigerimzhappar"
published: "2020-10-04T16:19:19+00:00"
modified: "2020-10-04T16:19:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/birlik-k-nin-toylaymyz-1-i-k-ni-867971"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/birlik-k-nin-toylaymyz-1-i-k-ni-867971/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бірлік күнін тойлаймыз 1-і күні

> Осыған орай елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1995 жылы қазанның 18-жұлдызында 1-мамыр күнін “Қа...

Осыған орай елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1995 жылы қазанның 18-жұлдызында 1-мамыр күнін “Қазақстан Республикасы халықтарының бірлік, ынтымақтастық күні” деп жариялаған болатын. Ең алғаш бұл ғажап мереке 1996 жылы 1-мамыр күні аталып өтілді. Сол кезеңдерден бастап осы жылы 24-ші рет тойлануда. Бірақ бір ерекшелігі, 2020-жылы әр жылдағыдай әсем әукезді ән аясына емес...

Әлемде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты қазіргі таңда әрбір жан карантиндік режимді қатаң сақтап үйде отыруы керек. Бұл дегенміз төрт қабырғаға телміріп мерекені тойламау деген сөз емес. Иә, білемін мақаламның тақырыбына телміре қарап ойланып отырған шығарсыз “сонда қалай тойламақпыз”-деп...

Қарапайым ғана мысал айтсам: “Дәл осы жылы 1-мамырмен қоса тағы бір қатар мерекелер тойланбаған болатын. Соның ішінде “Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі” де бар. Сол күні жәй ғана үйде болсақ та, мерекелік көңіл-күй “наурыз көжемен” толықтай сезілді емес пе?! Осы тұста елімізде болатын әрбір мереке халықың жүрегінен ерекше орын алғанын көре аламыз.

Ұлан-ғайыр жерімізде 24 жылдық тарихы қалыптасқан “ұлттардың ынтымақтастық күнін” әуелетіп ән шырқап тойламасақта, бұл ғажап мейрам біздің жүрегімізде, тек біздің ғана емес, елімізде өмір сүріп келе жатқан қандас-бауырлас ұлттардың да көңіліне жылу сыйлатын, орны ерек мереке ретінде санамызда сақталып, көкейімізде тойланады.

Мерекенің негізгі мақсаты ретінде, әлемде жер көлемі жағынан 9-шы орын алатын планетамыздың тура кіндігінде орналасқан әсем Қазақстанымыздың құшағын кеңге жайып, әрбір ұлтқа өз төсінен орын бергенін мақтан тұта отырып, арамыздағы достық-ынтымақтастықты бұзбай, әрі қарай да сыйластығымызды шыңдап, қонақ-жайлғымызды ұштап, бәрін бірдей бауырымыздай көріп, бөліп-жармай, тату-тәтті өмір сүруіміздің жарқын бейнесі екенін мақтана айта аламыз.

Қымбатты отандастар, болашағымыз баянды болып, бірлігіміз ешқашан да бұзылмасын!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/birlik-k-nin-toylaymyz-1-i-k-ni-867971](https://yvision.kz/kk/post/birlik-k-nin-toylaymyz-1-i-k-ni-867971)