---
title: "Бірлік болса – тірлік болады"
description: "Жиырма жылдан астам тарихы бар «Nur Otan» партиясы орасан зор жұмыс атқарады деп есептеймін.«Бірлік ..."
author: "akmola.nurotan.kz"
published: "2020-12-12T08:05:41+00:00"
modified: "2020-12-12T08:05:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/birlik-bolsa-tirlik-bolady-889031"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/birlik-bolsa-tirlik-bolady-889031/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бірлік болса – тірлік болады

> Жиырма жылдан астам тарихы бар «Nur Otan» партиясы орасан зор жұмыс атқарады деп есептеймін.«Бірлік ...

Жиырма жылдан астам тарихы бар «Nur Otan» партиясы орасан зор жұмыс атқарады деп есептеймін.

«Бірлік болса – тірлік болады», «Кең болсаң, кем болмайсың» деген. Қазіргі кең дүниеде бізге не жетпейді?!

![Бірлік болса – тірлік болады](https://storage.yvision.kz/images/user/440487/5299ec726cb2a608fe304f08c9dca2.jpg)

Біз бақытты жанбыз! Неге десең еліміздің басшылығы жүргізіп жатқан салиқалы саясатын жүзеге асырып, халықтық ұйымға айналған «Nur Otan» партиясы игі бастамаларға қолдау көрсетіп, іргелі істердің ұйытқысы болуда.

Халықтың сенімді саяси ұйымы бола білген «Nur Otan» партиясы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосып келеді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев төрағалық ететін партиясының ең басты мақсаты- ұлт Тәуелсіздігінің тірегі болу, ел еркіндігін нығайту. Күнделікті қоғам тынысын қадағалап, әртүрлі бағыттағы мәселелерді үйлестіріп, оны тиімді шешудің жолдарын қарастыруда.

«Nur Otan» партиясымен бірлесе нәтижесін тапқан игі шаралар – табысты еңбектің көрінісі. Олай болса, сіздерді 10 қаңтар күнінде «Nur Otan» партиясының кандидаттарына дауыс беруге шақырамын!

Кенжегүл АУБАКИРОВА,

кітапхана ісінің үздігі, Бурабай ауданы

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

https://www.facebook.com/nurotanakmolaoblysy/posts/2788064281410335

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/birlik-bolsa-tirlik-bolady-889031](https://yvision.kz/kk/post/birlik-bolsa-tirlik-bolady-889031)