---
title: "«Бірлігіміз жарасқан — Мәңгілік Ел» Шымкентте."
description: "Тәуелсіздіктің 25-жылдығын мерекелеу шеңберінде Шымкентте «Бірлігіміз жарасқан - Мәңгілік Ел» атты а..."
author: "shymcity"
published: "2016-12-12T03:33:19+00:00"
modified: "2016-12-12T03:33:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/birligimiz-zharas-an-m-gilik-el-shymkentte-736601"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/birligimiz-zharas-an-m-gilik-el-shymkentte-736601/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Бірлігіміз жарасқан — Мәңгілік Ел» Шымкентте.

> Тәуелсіздіктің 25-жылдығын мерекелеу шеңберінде Шымкентте «Бірлігіміз жарасқан - Мәңгілік Ел» атты а...

Тәуелсіздіктің 25-жылдығын мерекелеу шеңберінде Шымкентте «Бірлігіміз жарасқан - Мәңгілік Ел» атты ақындардың сайысы өтті. Екі күнге созылған конкурс әсерлі және көріністі болды. Оңтүстік-Қазақстан айтыскерлерінен басқа, өз шеберліктерін көрсетуге Астана мен Алматының өкілдері келді. Нәтижесінде ең үздік бес жұп финалға шықты - Қажымұқан Абзалов (ОҚО) және Қанат Мырзахан (Жамбыл облысы), Жандарбек Наушабеков (ОҚО) және Арзыгуль Кайымбекқызы (Қытай), Анар Жаппаркулова (ОҚО) және Сырым Ауесхан (Астана), Нурлыбек Мейирманов (ОҚО) және Турар Тилеулиев (ОҚО), Біржан Байтуов (ОҚО) және Жандарбек Булгаков (Астана).

Сахнада айтылған әзілдер көрермендерді рақаттана күлдіріп қана қоймай, сонымен қатар көптеген маңызды проблемалар жөнінде ойландырды.

Облыс әкімі Жансеит Туймебаев конкурстың жеңімпаздарын құттықтап, халық өнерінің жеке тұлғаның, сондай-ақ бүкіл қоғамның мәдени және рухани дамуындағы маңызды рөлін атап өтті. Бірінші (Жандарбек Булгаков Астана) және екінші (Турар Тилеулиев ОҚО) орындарды иеленген жүлдегерлер автокөлік түрінде жүлделер алды. Үшінші орын алған Қажымұқан Абзалов 1,5 миллион теңге көлемінде ақшалай жүлде алды.

Іс-шара Тәуелсіздіктің 25-жылдығына арналды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/birligimiz-zharas-an-m-gilik-el-shymkentte-736601](https://yvision.kz/kk/post/birligimiz-zharas-an-m-gilik-el-shymkentte-736601)