---
title: "Бірлескен рейд."
description: "Ағымдағы жылдың 12 ақпанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл А..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-02-16T05:27:25+00:00"
modified: "2015-02-16T05:27:25+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/birlesken-reyd-470359"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/birlesken-reyd-470359/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бірлескен рейд.

> Ағымдағы жылдың 12 ақпанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл А...

Ағымдағы жылдың 12 ақпанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті мен облыстық ішкі істер Департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы бірлесіп, мемлекеттік мекемелердің қызметтік көліктерін қызметтен тыс жұмыстарға пайдалану және әкімшілік айыппұлдарды төлету мәселелері бойынша рейд жүргізді.Іс-шара барысында Тасқала және Ақжайық аудандары лауазымды тұлғаларының қызметтік автокөліктері жұмыс уақытында Орал қаласындағы орталық базар маңында жеке шаруаларымен жүргендері және жол-сапар парақтарының болмағаны анықталды. Осыған байланысты, әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің баптарына сәйкес әкімшілік айыппұл салынып, аудан әкімдеріне аталған мекеме басшыларының жауапкершілігін қарау туралы ұсыныс хат жолданды. Алдағы уақытта, осындай іс-шаралар өз жалғасын тауып, заң талаптарын бұзған лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылатын болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/birlesken-reyd-470359](https://yvision.kz/kk/post/birlesken-reyd-470359)