---
title: "Бірлесіп көтерген жүк жеңіл"
description: "А.ж. 21 қазанда Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті Ақмола облысының Кәсіп..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-10-24T02:32:51+00:00"
modified: "2016-10-24T02:32:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/birlesip-k-tergen-zh-k-zhe-il-720756"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/birlesip-k-tergen-zh-k-zhe-il-720756/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бірлесіп көтерген жүк жеңіл

> А.ж. 21 қазанда Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті Ақмола облысының Кәсіп...

А.ж. 21 қазанда Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі облыстық кәсіпкерлер форумын өткізді.

Форумның мақсаттары мен міндеттері бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін қалыптастыру, кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға белсенді қатысуын қамтамасыз етуге, кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, кәсіпкерлік субъектілерді әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған қызметке кеңінен тартуға бағытталған.

Осы іс-шараның шеңберінде форумға қатысушылардың баяндамалары тындалып, кәсіпкерлердің қызметі барысында кездесетін проблемалық мәселелер талқыланды. Мұндай қиындықтар аз еместігін, олардың әсіресе аудандардағы және Көкшетау, Степногорск қалаларындағы бизнес-субъектілерде көптеп шоғырланғанын атап өткен жөн.

Форумның жұмысына Ақмола облысының кәсіпкерлері және мемлекеттік органдардың басшылары, барлығы 60 адам қатысты.

![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/sayt_52.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/birlesip-k-tergen-zh-k-zhe-il-720756](https://yvision.kz/kk/post/birlesip-k-tergen-zh-k-zhe-il-720756)