---
title: "Бірінші болғым келеді — Сочи паралимпиадасына қатысушы Қ.Қанафин"
description: "АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық паралимпиадашы Қайрат Қанафин 7,5 шақырымдық биатлон жарысында..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-03-10T20:41:32+00:00"
modified: "2014-03-10T20:41:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/birinshi-bol-ym-keledi-sochi-paralimpiadasyna-atysushy-anafin-404614"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/birinshi-bol-ym-keledi-sochi-paralimpiadasyna-atysushy-anafin-404614/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бірінші болғым келеді — Сочи паралимпиадасына қатысушы Қ.Қанафин

> АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық паралимпиадашы Қайрат Қанафин 7,5 шақырымдық биатлон жарысында...

[!\[Бірінші болғым келеді — Сочи паралимпиадасына қатысушы Қ.Қанафин\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/03/20140309113751-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/03/20140309113751.jpg)

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық паралимпиадашы Қайрат Қанафин 7,5 шақырымдық биатлон жарысында өзінің қобалжығандығын жасырмады, деп хабарлады Vesti.kz.

«Қатты қобалжыдым әрі ол менің алғашқы нысана көздеуімнен-ақ байқалды. Содан кейін қобалжуымды басып, келесі нысанада мүлт кетпедім. Жалпы, дайындығым жақсы еді. Дегенмен, бүгін Қазақстан Паралимпиадада биатлон жарысына алғаш рет қатысты. Бұл да әсер еткен сияқты. Алдағы уақытта үздік нәтижелер көрсетyім деп сенемін», — дейді жарыста 17-ші орынға тұрақтаған спортшы. Сонымен қатар, ол Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты есінде қалғанын, стадионға жиналған жанкүйерлер Қазақстан құрамасын жылы қабылдағандығын атап өтті. Оның атап өтуінше, Қазақстанда оған барлық отбасы — әке-шешесі, бауырлары мен апайлары, әйелі мен қызы жанкүйер болуда. Ал, бұл оны үздік нәтиже көрсетуге ынталандыра түседі. «Мен, спортшы ретінде бірінші болғым келеді. Дайындықты күшейтіп, үздік нәтиже көрсетуге барымды саламын. Менің ойымша, біз қазақстандықтарды алдағы уақытта зор жетістіктермен қуантатын боламыз», — деді биатлоншы. Естеріңізге сала кетейік, Сочиде өтіп жатқан Паралимпиада ойындары 16 наурызда аяқталады. Бұл байрақты бәсекеге Қ.Қанафиннен бөлек шаңғышылар Александр Колядин, Жаңыл Балтабаева, Ерлан Омарова және Елена Мазуренко қатысуда.

Автор: [Марлан Жиембай](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/41)

Басты сөздер: [Олимпиада](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/1382) , [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/birinshi-bol-ym-keledi-sochi-paralimpiadasyna-atysushy-anafin-404614](https://yvision.kz/kk/post/birinshi-bol-ym-keledi-sochi-paralimpiadasyna-atysushy-anafin-404614)