---
title: "«Бірге таңдаймыз!». Сырт киімді таңдауда есте ұстауға тиісті қағидалар"
description: "Ерлердің сырт киімін таңдағанда не нәрсеге мән берген жөн? Қыз-келіншектер сырт киім таңдағанда көп..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-11-14T03:12:24+00:00"
modified: "2015-11-14T03:12:24+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/birge-ta-daymyz-syrt-kiimdi-ta-dauda-este-stau-a-tiisti-a-idalar-638209"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/birge-ta-daymyz-syrt-kiimdi-ta-dauda-este-stau-a-tiisti-a-idalar-638209/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Бірге таңдаймыз!». Сырт киімді таңдауда есте ұстауға тиісті қағидалар

> Ерлердің сырт киімін таңдағанда не нәрсеге мән берген жөн? Қыз-келіншектер сырт киім таңдағанда көп...

Ерлердің сырт киімін таңдағанда не нәрсеге мән берген жөн?

![«Бірге таңдаймыз!». Сырт киімді таңдауда есте ұстауға тиісті қағидалар](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/jPu5o3H1gWXWS5L7g8tbOqY9y67kQO.jpg)

Қыз-келіншектер сырт киім таңдағанда көп ойланады. Ал, ер-азаматтар үшін бұл істе жалғыз ғана қағида бар. Ол - «Сұлуынан жылуы».

Десе де, ерлер сырт киімді таңдауда не нәрсеге мән бергендері жөн?

- Жігіттердің киімі жылулығымен қоса, сәнді болуы керек;
- Қысқы қалың бас киімдерді ыңғайсыз көретін ер-азаматтар капюшонды сырт киімді таңдағандары жөн;
- Көлік айдайтын жігіттер үшін белін жауып тұратын ұзындықтағы киім таңдаған дұрыс. Себебі, көлік іші ыстық болса, сыртқа шыққан жағдайда бірден суық тию қаупі жоғары;
- Таза былғарыдан тігілген киімдерді таңдайтындар үшін пайдалы тұсы - дақ жұқтырып алған жағдайда, сүртіп кетіру жылдам әрі оңай.

Ал, таза құндызды жасандыдан қалай ажыратуға болады? [«Бірге таңдаймыз!»](http://kaztv.kaztrk.kz/kz/archive/programs/programs_poz/birge_tandaimyz/210878) бағдарламасының кеңестері кәдеңізге жарасын!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/birge-ta-daymyz-syrt-kiimdi-ta-dauda-este-stau-a-tiisti-a-idalar-638209](https://yvision.kz/kk/post/birge-ta-daymyz-syrt-kiimdi-ta-dauda-este-stau-a-tiisti-a-idalar-638209)