---
title: "Бір жаралы жүрекке, болсын емім..."
description: "Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – Francis Goya - Summernight DreamsБейнематериал авторы ..."
author: "Aikosmuz"
published: "2018-05-06T09:42:50+00:00"
modified: "2018-05-06T09:42:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bir-zharaly-zh-rekke-bolsyn-emim-803806"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bir-zharaly-zh-rekke-bolsyn-emim-803806/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бір жаралы жүрекке, болсын емім...

> Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – Francis Goya - Summernight DreamsБейнематериал авторы ...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Francis Goya - Summernight Dreams

Бейнематериал авторы – Ine RP Braat

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстграмм – aikosmuz

Мұңлы өлеңді жазды деп, өкпелеме,

Беу ағайын, бұл өмір, текпен-теңбе.

Зырылдаған күндермен, шуақ түндер,

Көктем-жазды әкетіп, күз әкелер.

Тастан болсам, әйтеуір, жүрер едім,

Кетпен алып қолыма, орып салып.

Бір жаралы жүрекке, болсын емім,

Деп жазамын өлеңді, мұңға малып.

Жаман сөзге қалмайын, мен ойланып,

Жүрген жоқпа талайлар, тілден тауып.

Ойға батып жазамын, жүректі ашып,

Тағдыр берді, қоржынға, қалам салып.

Өткен шығар өмірім, бақ бұйырмай,

Арман болып, басыма, мүлдем қонбай.

Тіл кесілмей жүрсе екен, сөз тоқтамай,

Кұнсыз болып өмірім, бес тиындай.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bir-zharaly-zh-rekke-bolsyn-emim-803806](https://yvision.kz/kk/post/bir-zharaly-zh-rekke-bolsyn-emim-803806)