---
title: "Бір тәулікте 250-ден астам жол апаты болған"
description: "Елімізде бірнеше күннен бері ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына шектеулер..."
author: "jan.123"
published: "2024-02-09T11:14:23+00:00"
modified: "2024-02-09T11:14:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bir-t-ulikte-250-den-astam-zhol-apaty-bol-an-1000937"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bir-t-ulikte-250-den-astam-zhol-apaty-bol-an-1000937/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бір тәулікте 250-ден астам жол апаты болған

> Елімізде бірнеше күннен бері ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына шектеулер...

Елімізде бірнеше күннен бері ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына шектеулер енгізіліп жатқаны белгілі. Соған қарамастан жолға шығып кетіп жатқандарға полиция тағы да ескерту жасады.

![Бір тәулікте 250-ден астам жол апаты болған](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/af7b487833bff8269f32e8320ead94.jpg)

"Сонымен қатар, ауа райы жағдайына байланысты 8 ақпаннан бастап барлық қызметтер жергілікті табиғи жағдайға байланысты күшейтілген нұсқаға көшті. 8 ақпанда бір тәулік ішінде 250-ден астам жол көлік апаты тіркелді. Құрметті көлік жүргізушілері, қолайсыз ауа райы жағдайында елді мекендерден шықпауға және қала сыртына шығудан бас тартуға шақырамыз! Өзіңізді және жақындарыңызды негізсіз тәуекелге ұшыратпаңыз!" - делінген Астана қаласы полиция департаментінің хабарламасында.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bir-t-ulikte-250-den-astam-zhol-apaty-bol-an-1000937](https://yvision.kz/kk/post/bir-t-ulikte-250-den-astam-zhol-apaty-bol-an-1000937)