---
title: "Бір өлең"
description: "Бұлыңғыр күндер бұлдыры, Күлкіңнің күміс сыңғыры, Сарғайтып кетті, сағынтып Жаныңның жібек сыбдыры …..."
author: "aliziyadin"
published: "2010-05-14T03:40:38+00:00"
modified: "2010-05-14T03:40:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bir-le-45672"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bir-le-45672/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бір өлең

> Бұлыңғыр күндер бұлдыры, Күлкіңнің күміс сыңғыры, Сарғайтып кетті, сағынтып Жаныңның жібек сыбдыры …...

Бұлыңғыр күндер бұлдыры,

Күлкіңнің күміс сыңғыры,

Сарғайтып кетті, сағынтып

Жаныңның жібек сыбдыры …

Мұңымның мынау шынжыры,

Сырымның анау сылдыры,

Қалғандай көштен адасып,

Күллі жетімнің тұлдыры

Өзім болдым, құрғыры…

23.10.2008

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bir-le-45672](https://yvision.kz/kk/post/bir-le-45672)