---
title: "Бір кем дүние...."
description: "Адамдарды күйкі тірлік әуреге тым қатты салып жіберді ғой деймін осы. Селкілдеп, тырмысып, тартысып ..."
author: "gozik"
published: "2013-08-16T00:16:49+00:00"
modified: "2013-08-16T00:19:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bir-kem-d-nie-369116"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bir-kem-d-nie-369116/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бір кем дүние....

> Адамдарды күйкі тірлік әуреге тым қатты салып жіберді ғой деймін осы. Селкілдеп, тырмысып, тартысып ...

Адамдарды күйкі тірлік әуреге тым қатты салып жіберді ғой деймін осы. Селкілдеп, тырмысып, тартысып үнемі асығады да жүреді. Ал уақыт деген зымырайды кеп... Ой елегінен өткізсем кеше ғана мектеп табалдырығын аттап жатыр едім, содан соң соңғы қоңырау, универ, оқу, жұмыс, жұмыс, жұмыс болайын деп тұр шамасы. Дүние жинаудан шаршамаппыз, бір жыртығыңды жамайын десең екіншісі мен мұндалайды.Жастардың да жағдайы мәз емес, ақша мен трайбализм жаулаған бір кем дүние әйтеуір. Күйбең тірліктің қамымен жүріп жұрт өмірінің қалай өткенін де сезбей қалады... Өмірдің жақсаруына не істеу керек? Осылай күн кешудің себебі не, әсіресе қазақтардың. Бұған кім кінәлі? Қайың ба... әлде мемлекет пе? Таңдау өздеріңізде.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bir-kem-d-nie-369116](https://yvision.kz/kk/post/bir-kem-d-nie-369116)