---
title: "\"Бір қазан ет болды\". Бағлан Әбдірайымов әлеуметтік..."
description: "Белгілі әнші, актер, продюсер әлеуметтік желіге атының видеосын салып, әсерлі жазба қалдырды. Атам марқұмның ақбоз айғыры болған. Ол кезде баламын. Облыс әкімшілігінің қызметкерлері қымбат дүниемен қосымша ақша ұсынып ақбоз атқа сауда берді. Атам..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-04-12T09:02:43+00:00"
modified: "2024-04-12T09:02:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bir-azan-et-boldy-ba-lan-bdirayymov-leumettik-zhelide-lgen-atyn-zho-tady-1003315"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bir-azan-et-boldy-ba-lan-bdirayymov-leumettik-zhelide-lgen-atyn-zho-tady-1003315/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# "Бір қазан ет болды". Бағлан Әбдірайымов әлеуметтік...

> Белгілі әнші, актер, продюсер әлеуметтік желіге атының видеосын салып, әсерлі жазба қалдырды. Атам марқұмның ақбоз айғыры болған. Ол кезде баламын. Облыс әкімшілігінің қызметкерлері қымбат дүниемен қосымша ақша ұсынып ақбоз атқа сауда берді. Атам...

Белгілі әнші, актер, продюсер әлеуметтік желіге атының видеосын салып, әсерлі жазба қалдырды.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/99e7289465935b383ffb8a13e72d6b.jpg)

Атам марқұмның ақбоз айғыры болған. Ол кезде баламын. Облыс әкімшілігінің қызметкерлері қымбат дүниемен қосымша ақша ұсынып ақбоз атқа сауда берді. Атам келіспей атты бермейді. Үш күн өтпей ақырға ұялап өліп қалды. Бұл оқиғадан сабақ алғанмын. Қатты назар ауғанда саудасы келеді. Беру керек. Сол секілді біздің де жануарға елдер баға берді. Тікелей кездесіп сөйлеспегенсоң сататын ниет білдірмедім. Zero QARYZ - ға қаражаттан қиналған сәтте, ұсынған баға еске түсе беретін. Бірақ бұлай боларын кім ойлаған… Оқиғаны қалайша естен шығарып алдым? Үйірге жіберіп, биеге асылып, мінез шығарып жүргеніне балаша қуандық. Үйір қайыратын айғырдың әдеті емес пе? Айдаладағы айғырдан үйірді қызғанып, жарды көрмей құлап кеткен. Жұлыны сол жерде кеткен. Намысты жануар қанша тұруға талпынса да, артқы аяқтары қозғалмай жатты. Тек алдыңғы аяғымен жер тепсініп, пырылдап ызамен жатты. Қандай жануар болса да бір қазан ет болды. Саудасы бітті. Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы. Бәлкім бұл әңгіме сіздерге қызық емес шығар. Маған естелік болып осында қалғаны дұрыс. Уақыт өткенде сағынышпен еске алармын немесе күлермін.))) Айтпағым: “Көз – жылқыны қазанға, ал адамды қабірге салады” - деген. Тіл - көзден аман болайық!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bir-azan-et-boldy-ba-lan-bdirayymov-leumettik-zhelide-lgen-atyn-zho-tady-1003315](https://yvision.kz/kk/post/bir-azan-et-boldy-ba-lan-bdirayymov-leumettik-zhelide-lgen-atyn-zho-tady-1003315)