---
title: "Бір қадам алға..."
description: "Елбасы Жолдауының аясында еліміздің бәсекеге қабілеттілігін дамыту перспективалары туралы а.ж. 7 ақп..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-02-09T21:29:02+00:00"
modified: "2017-02-09T21:29:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bir-adam-al-a-755039"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bir-adam-al-a-755039/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бір қадам алға...

> Елбасы Жолдауының аясында еліміздің бәсекеге қабілеттілігін дамыту перспективалары туралы а.ж. 7 ақп...

Елбасы Жолдауының аясында еліміздің бәсекеге қабілеттілігін дамыту перспективалары туралы а.ж. 7 ақпанда Көкшетау қ. Гуманитарлы-техникалық академиясында студенттер, профессорлық-оқытушылық құрам, депутаттар сөз қозғады.

Студенттердің алдында сөйлеген сөздерінде кездесуді ұйымдастырушылар Мемлекет басшысының халыққа арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында қоғам алдында, сонымен қатар, жас мамандардың алдында жаңа басымдықтарды белгілеп бергенін атап өтті.

Әңгіме өнеркәсіптің нақты секторларының, сонымен қатар еңбек нарығының, бизнес ортаның дамуын көздейтін экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы жайында өрбіді.

Алайда, Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы М. Ахметқалиевтің пікірі бойынша, Жолдаудың институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты басымдығына бағдарланған рухани-адамгершілік тәрбиеге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне мүлдем төзбеушілік деңгейін қалыптастырудың тәсілдерін өзгерту қажет.

Тұтас алғанда, жиында спикерлер ретінде сөз алған Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Тимур Ысқақов, Жастар саясаты басқармасының басшысы Р. Галлямов пен оқу орнының басшысы Ә. Мұсайыпов Елбасының Жолдауын қалыптасқан егеменді мемлекеттің тарихи тұрғыда алдын ала белгіленген маңызды қадам ретінде сипаттады. Өтпелі кезеңде Ұлт Көшбасшысының объективті себептерге байланысты жеткілікті өкілеттіктері болғаны, бұл Отанымыздың халықаралық аренада лайықты орын алуына себін тигізгені аталып өтті.

Кездесуге қатысушылар әңімелерін «Біз өзіміздің мықты тұстарымызды пайдаланып, Тәуелсіздігіміздің 25 жылында бірге қалыптастырған әлеуетімізді жоғалтып алмауымыз керек», - деген Елбасының сөздерімен аяқтады.

Іс-шараға 87 адам қатысты.

![](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/na_sayt_43.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bir-adam-al-a-755039](https://yvision.kz/kk/post/bir-adam-al-a-755039)