---
title: "Білім және ғылым министрлігі үштілділік жөнінде айтты"
description: "Аймағамбетов үштілділікті енгізу жұмыстары 2016 жылдан бері жалғасып келе жатқанын атап өтті – осы у..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2019-08-22T16:26:00+00:00"
modified: "2019-08-22T16:29:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bilim-zh-ne-ylym-ministrligi-shtildilik-zh-ninde-aytty-839180"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bilim-zh-ne-ylym-ministrligi-shtildilik-zh-ninde-aytty-839180/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Білім және ғылым министрлігі үштілділік жөнінде айтты

> Аймағамбетов үштілділікті енгізу жұмыстары 2016 жылдан бері жалғасып келе жатқанын атап өтті – осы у...

Аймағамбетов үштілділікті енгізу жұмыстары 2016 жылдан бері жалғасып келе жатқанын атап өтті – осы уақыт аралығында курстарға 10 мыңнан астам мұғалім қатысқан.

Алайда, мұғалімдердің ағылшын тілін C1 немесе B2 деңгейінде білуі жеткіліксіз.

«Оқулықтар болуы керек, оқушылардың өздері де дайын болуы керек. Егер мұғалім дайындалған болса (ағылшын курстарында), мысалы, информатика пәнінен сабақ беруге 10-сыныпқа келсе, ал оқушылар ағылшын тілін білмесе - мұнда да сұрақтар туындайды.

Біздің ұстанымымыз - кезең-кезеңмен көшу, өйткені мектептер, мұғалімдер мен балалар бірдей деңгейде қатар дайын болуы керек», - деді Білім және ғылым министрлігінің басшысы.

Тіл - бұл қарым-қатынас құралы ғана емес, ол халықтың жаны, дәстүрлер мен мәдениеттің сақтаушысы. Қазақстанның тілдік әртүрлілігі әрдайым басымдығы болып келді. Бұған 1997 жылғы «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңымен баға беруге болады. Онда қазақстан халықтарының барлық тілдері халық қазынасы екендігі айтылған.

Осы ретте елімізде таралған барлық тілдерді сақтай отырып, Қазақстандағы мектептерде үштілді білім беру жүйесін енгізу ұсынылған болатын:

1. Пәндердің бір бөлігі мемлекеттік тілде, бір бөлігі орыс және ағылшын тілдерінде оқытылады деп шешілді;

2. қазақ тілін мақсатты түрде оқытуға көбірек оқу уақытын бөлу жоспарланды.

Қазақстандағы тіл саясатының мақсаты - республиканың әлемдік қоғамдастыққа бірігуі, сол арқылы ғылым, экономика және елдің әлеуметтік-мәдени құрамдас бөлігін дамыту.

Тілдерді үйрету процессі еліміздің барлық өңілердегі барлық тұрғындарына бағытталған. Басты назарда, әрине, мектеп оқушылары. Келешегі жарқын, басекеге қабілетті ұрпақ ағылшын тілін жетік білуі шарт. Осы орайда, Алматыдағы білім беру саласындағы сарапшылар қоғамдық пікірсайыс жиналысында Қазақстандағы мектеп білімінің болашағын талқылады.

Іс-шара барысында спикерлер мектептердегі жаңа реформалар, атап айтқанда үштілді білім беруді енгізу туралы және халықаралық тәжірибе қазақстандық мектеп біліміне көмектесе ала ма деген пікірлерімен бөлісті.

Осылайша, UStudy тәуелсіз аймақтық тестілеу орталығының негізін қалаушы және бас директоры Жанат Рахмани Қазақстандағы білім жақсы деңгейде деп санайды.

«Біз әлемнің 35 елін зерттедік, біздің біліміміз Кембридждегіден әрине асып түспейді, алайда одан қатты артта деп те айта алмаймыз. Бұл менің жеке пікірім. Мен адамдарға үлкен мектептер салуға мүмкіндік беруі керек деп ойлаймын. Бізде РФММ, TAMOS Education, КТЛ, НЗМ сияқты жақсы мектептер бар және біз олардың әлемнің басқа елдерінде, мысалы Нью-Йоркте, Лондонда ашылуын қалаймыз, сол себепті біздің мұғалімдерімізде қосымша білім алып, тілдерді үйрену мүмкіндігі болуы керек. Реформалар жүргізілуде, менің ойымша, бұл дұрыс. Олар 5 немесе 10 жылдан кейін өз нәтижелерін көрсете алуы мүмкін. Мен сондай-ақ Қазақстанда ұлы адамдар бітіретін үлкен мектептер болғанын қалаймын. Үш тілде сөйлесе алатын бала, болашақта әлем бойынша еркін жүре алады. Менің ойымша, қазір бұған көптеген мүмкіндіктер жасалда», - деп толықтырды Жанат Рахмани.

Өз кезегінде TAMOS білім беру мектебінің директоры Лидия Шаповалова өз оқушыларының жетістіктері туралы айтып, үштілді білім берудің маңыздылығына тоқталды. Ол оқушыларға терминологияға назар аударып, ағылшын тіліндегі түрлі әдебиеттерді оқуға кеңес берді.

Біздің елімізде үштілді білім беруді дамыту туралы мамандардың пікірін «Республикалық физика-математика мектебі» ҰБА директоры Алмаз Күнғожин де қолдады. Ол қосымша оқу материалдарын енгізу керек деп санайды.

Сонымен қатар, жиналысқа қатысушылар аудиториямен бірге инклюзивті білім беруді дамыту, сонымен қатар өздерінің оқу орындарындағы және жалпы орта білім беру мектептеріндегі инновацияларға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Үш тілде білім беруді енгізу қазақ халқын әлемдік аренада бәсекеге қабілетті етуі керек. Бұл реформа «Қазақстан-2030» бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады. 2020 жылға қарай халықтың шамамен 20% -ы ағылшын тілінде еркін сөйлесе алады деп жоспарланған.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bilim-zh-ne-ylym-ministrligi-shtildilik-zh-ninde-aytty-839180](https://yvision.kz/kk/post/bilim-zh-ne-ylym-ministrligi-shtildilik-zh-ninde-aytty-839180)