---
title: "«Білім сапасы: жаңартылған білім мазмұнын іске асыру жағдайында жаңа ұстанымдар»"
description: "2017 жылдың 18 тамыз күні облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Білім сапасы: жаңартылған бі..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-08-18T07:06:33+00:00"
modified: "2017-08-18T07:06:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bilim-sapasy-zha-artyl-an-bilim-mazm-nyn-iske-asyru-zha-dayynda-zha-a-stanymdar-776065"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bilim-sapasy-zha-artyl-an-bilim-mazm-nyn-iske-asyru-zha-dayynda-zha-a-stanymdar-776065/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Білім сапасы: жаңартылған білім мазмұнын іске асыру жағдайында жаңа ұстанымдар»

> 2017 жылдың 18 тамыз күні облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Білім сапасы: жаңартылған бі...

**2017 жылдың 18 тамыз күні** облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «**Білім сапасы: жаңартылған білім мазмұнын іске асыру жағдайында жаңа ұстанымдар**» тақырыбында басшы кадрларға арналған тамыз педагогикалық кеңесінің секциялық жұмысы өтті.

Секция отырысында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының қазақстандық патриотизмді дамытудағы рөлі», «Жаңартылған білім беру мазмұны және жалпы орта білім беретін мектептер педагогтерінің жаңа кадрлық рөлінің жүйесі», «Жаңартылған білім беру мазмұны: бүгінгі сабаққа қойылатын талаптар», «Облыстық ардагерлер кеңесінің жұмысы», «Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы», «Тәрбиелік құндылықтар: жаңа жобалардың мәні неде?», «Білім беру ұйымдарында жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алуда бірлескен әлеуметтік психологиялық қызмет», «2017-2018 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» тақырыптарында баяндамалар тыңдалды.

Шараға ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин қатысып, баяндама оқыды. Іс-шара барысында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бейнероликтер көрсетілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bilim-sapasy-zha-artyl-an-bilim-mazm-nyn-iske-asyru-zha-dayynda-zha-a-stanymdar-776065](https://yvision.kz/kk/post/bilim-sapasy-zha-artyl-an-bilim-mazm-nyn-iske-asyru-zha-dayynda-zha-a-stanymdar-776065)