---
title: "Білім мен ғылым саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын дамытудағы ұстаздардың рөлі"
description: "Алматы қаласы Әуезов ауданындағы №123 мектеп-гимназияда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет і..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2015-12-11T02:52:26+00:00"
modified: "2015-12-11T02:52:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bilim-men-ylym-salasynda-memlekettik-yzmet-k-rsetu-standarttaryn-damytuda-y-stazdardy-r-li-667303"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bilim-men-ylym-salasynda-memlekettik-yzmet-k-rsetu-standarttaryn-damytuda-y-stazdardy-r-li-667303/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Білім мен ғылым саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын дамытудағы ұстаздардың рөлі

> Алматы қаласы Әуезов ауданындағы №123 мектеп-гимназияда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет і...

Алматы қаласы Әуезов ауданындағы №123 мектеп-гимназияда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институтционалды реформасын жүзеге асыру аясында «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспары мен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясын жүзеге асыру мақсатында мектеп-гимназияның педагог ұжымдары мен ата аналарының қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл бөлімінің қызметкері С. Оразов «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының кәсіби мемлекеттік аппарат құру реформасы мен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясын жүзеге асы­ру мақсатындағы мәселелерге тоқталды.

№123 мектеп-гимназияның директоры Бағила Әшімбаева Елбасы Н. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының идеялары мен міндеттемелерін қолдай отырып, білім мен ғылым саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен кәсіптік білім беру саласын дамыту, олардың нәтижесін өндіріске енгізу, ғылыми жұмыстардың деңгейін көтеру, білім мен өндірісті ұштастыру және жастардың тәрбие жұмыстарының деңгейін көтеру жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.

Семинар-кеңеске қатысушылар өзекті тақырыптарды талқылауға белсенді араласып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерге байланысты түрлі пікірлер білдірді Сондай-ақ, қатысушылар ашық түрде сұрақ-жауап түрінде пікір алмасып, қойылған сұрақтарына толыққанды жауап алды.

![Білім мен ғылым саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын дамытудағы ұстаздардың рөлі](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/aq3mceT36RJPrZq4kiMhbnO87dVDqw.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bilim-men-ylym-salasynda-memlekettik-yzmet-k-rsetu-standarttaryn-damytuda-y-stazdardy-r-li-667303](https://yvision.kz/kk/post/bilim-men-ylym-salasynda-memlekettik-yzmet-k-rsetu-standarttaryn-damytuda-y-stazdardy-r-li-667303)